Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » «Аю жүр»: ШҚО тұрғындары дабыл қақты

«Аю жүр»: ШҚО тұрғындары дабыл қақты

«Аю жүр»: ШҚО тұрғындары дабыл қақтыЗират маңында аюдың төлін тұрғындардың кейбірі өз көзімен көрген, деп хабарлайды Egemen.kz.

Аюлар Серебрянск қаласынан 5 шақырым жерде зират маңынан байқалған. Қала әкімі Нұргүл Бақынова бұл туралы ШҚО аңшылық шаруашылығының жедел әрекет ету отрядына ресми хат жіберіп, орман аңын ұстау және тұрғындарға қауіп төндірмеу мақсатында көмек сұраған. ustinka.kz жазуынша кейбір тұрғындар зиратта аю күшігімен бетпе-бет ұшырасқан. Аю күшігі қауіпті саналмайды, алайда қабір қазушылар қалың шөп арасында аюдың ырылын естіген.
«Адамдар табиғатта азық-түлік қалдықтарын қалдырады. Олар соған келеді. Таяуда Батыс Алтай қорығынан келдім. Онда да сондай жағдай. Ресейде де адамдарды аюлар қатты алаңдатады. Олар көбейіп кетті. Бірақ оларды атып тастамайды. Ұстап алып, ұйықтатып, басқа жерге орналастырады. Аюлар барлық жерде жүреді. Бұл олардың аумағы, олардың мекені», дейді биология ғылымдарының кандидаты, Шығыс Қазақстан университетінің биология кафедрасының профессоры Константин Прокопов.

30 шілде 2024 ж. 138 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№78 (9345)

14 қазан 2025 ж.

№77 (9344)

11 қазан 2025 ж.

№76 (9343)

07 қазан 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031