ҚР ТӘУЕЛСІЗДІГІНІҢ 35 ЖЫЛДЫҚ МЕРЕЙТОЙЫНА ОРАЙ «ҚҰРМЕТ БИІГІ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУЫНЫҢ ӨТКІЗУ ЕРЕЖЕСІ
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 35 жылдық мерейтойына орай «Даму» халықаралық инновациялық орталығы мен «Bilim-orkeniet» ұлттық инновациялық ғылыми-зерттеу орталығының ұйымдастыруымен «ҚҰРМЕТ БИІГІ» атты республикалық патриоттық байқауы өткізіледі.Байқаудың өзектілігі:
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі – халқымыздың сан ғасырлық азаттық мұратының жүзеге асуы және ел тарихындағы ең маңызды құндылықтардың бірі. Тәуелсіздік жылдарында Қазақстанның мемлекеттік негіздері нығайып, әлеуметтік-экономикалық, мәдени және қоғамдық салаларда ауқымды жетістіктерге қол жеткізілді. Бұл даму жолында түрлі салада адал еңбек етіп, ел игілігіне қызмет еткен азаматтардың үлесі ерекше.
Тәуелсіздіктің 35 жылдығы – елдің қалыптасуы мен өркендеуіне үлес қосқан тұлғалардың еңбегіне құрмет білдіріп, олардың кәсіби жетістігі мен азаматтық өнегесін қоғамға танытуға мүмкіндік беретін маңызды тарихи белес. Осындай азаматтарды дәріптеу – адал еңбек, отансүйгіштік, кәсібилік және елге қызмет ету құндылықтарын нығайтып, жас ұрпаққа тағылымды үлгі қалыптастырудың маңызды тетігі.
Байқаудың мақсаты:
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарындағы ел дамуына елеулі үлес қосқан, адал еңбегімен, кәсіби біліктілігімен және азаматтық жауапкершілігімен ерекшеленген тұлғаларды анықтау және олардың еңбегін дәріптеу.
«Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс» қағидаттары негізінде қоғамда еңбек адамының беделін арттыру, адалдық, еңбекқорлық, кәсібилік, отансүйгіштік және елге қызмет ету құндылықтарын насихаттау.
Қатысушылар:
Республикалық байқауға Қазақстан Республикасында кемінде 7 жыл еңбек өтілі бар, өз саласында кәсіби тәжірибе жинақтаған, ұжымында абыройлы, қоғамдық және кәсіби ортада белсенді, еңбекқорлығымен және жауапкершілігімен ерекшеленіп жүрген азаматтар қатыса алады.
Байқаудың шарттары:
Қатысушы өзі жайлы жазылған 2 беттен артық емес өмірбаянын (14 кегль, Times New Roman) және өтініш кестесін толтырып бірге жіберуі қажет. Сондай-ақ өмірбаянында көрсетілген жетістіктерін растайтын құжат көшірмелері (мысалы: алынған алғыс хат, диплом, сертификат, куәлік және т.б.) қоса тіркелуі тиіс.
Құжаттар 2026 жылдың қыркүйек айының 25-іне дейін astana-20n@mail.ru электронды поштасына немесе WhatsApp: +7 747 109 79 51 нөміріне қабылданады.
Байқау жеңімпаздарына:
* Құрмет грамотасы табысталады;
* Сонымен қатар, Астана қаласында өтетін салтанатты марапаттау рәсіміне қатысып, елімізге танымал тұлғалардың қолынан арнайы марапаттар алу мүмкіндігіне ие болады.
Байқаудың марапаттау рәсімі:
Байқаудың марапаттау рәсімі Астана қаласында конференция түрінде өтеді. Қорытынды конференция бағдарламасы іріктеліп алынған қатысушыларға жіберіледі.
Қорытынды конференция барысында елімізге белгілі тұлғалардың қолынан арнайы марапаттар мен төсбелгі табыс етіледі.






