Конституция
Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » ЖАҢА КЕЗЕҢ – ЖАРҚЫН БОЛАШАҚ

ЖАҢА КЕЗЕҢ – ЖАРҚЫН БОЛАШАҚ

1 шілдеде Қазақстан Республикасының Халық Конституциясы күшіне еніп, тұғырына қонды. Осы атаулы күні «­Руханият» орталығында аудан әкімі ­Айтбай Жандарбековтің төрағалығымен елдің құқықтық дамуының жаңа белесін айқындаған, қоғамдық ой мен мемлекеттік саясаттың түйіскен тұсын саралаған мазмұнды жиын өтті. Басқосуға аудандық мәслихат депутаттары, құқық қорғау органдарының басшылары, кент және ауылдық округ әкімдері, ардагерлер, зиялы қауым өкілдері, мемлекеттік мекеме басшылары, аудан жастары мен қоғам белсенділері, БАҚ өкілдері арнайы қатысты.
Салтанатты жиынды аудан әкімі Айтбай Насриддинұлы жүргізді.
– Ата Заңның басты құндылығы – адам, оның өмірі, құқықтары, бостандықтары мен қадір-қасиеті. Сондықтан Конституция – басты құқықтық құжат әрі әділетті қоғам құрудың, заң үстемдігін орнықтырудың және азаматтардың мемлекетке деген сенімін нығайтудың берік негізі. Конституцияның шынайы құндылығы оның қағидаттарының әр азаматтың күнделікті өмірінде нақты жүзеге асуымен өлшенеді.
Жаңа Конституция – мемлекетіміздің құқықтық негізін жаңа деңгейге көтеріп, ел дамуының жаңа кезеңіне жол ашатын маңызды құжат. Ол заң үстемдігін нығайтуға, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын жан-жақты қорғауға, әділдік пен жауапкершілік қағидаттарын орнықтыруға бағытталған. Жаңа Ата заң «Әділетті Қазақстан», «Заң мен тәртіп», «Адал азамат» және «Таза Қазақстан» қағидаттарына негізделген, – деді Айтбай Жандарбеков.
Жиында құқықтық мемлекет қағидаттарын нығайту мәселесі ерекше назарда болды. Шиелі аудандық мәслихат төрағасы Мұрат Тұрабаев пен аудан прокуроры Мейрамбек Маханбетжанов, қоғамдық даму бөлімінің басшысы Кенжехан Есенбаев заң үстемдігі және азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғау тетіктері жөнінде жан-жақты мазмұнды баяндамалар жасады. Олар қазіргі кезеңде құқық қолдану тәжірибесін жетілдіру, азаматтардың әділетке қолжетімділігін кеңейту – құқықтық реформалардың басты бағыты екенін айтты. Сондай-ақ жаңа Конституция қағидаттарын тиімді жүзеге асыруда ерекше жауапкершілік жүктелетінін атап өтті.
Мазмұнды жиын мемлекет пен қоғам арасындағы диалогті тереңдетіп, құқықтық мәдениеттің жаңа сапалық кезеңіне жол ашқан маңызды алаң ретінде бағаланды. Қатысушылар Конституцияның мемлекет дамуының ұзақмерзімді бағытын айқындайтын құжат ретіндегі рөлін, заң үстемдігін күшейтудегі маңызын және азаматтық қоғамды дамытудағы ықпалын ерекше атап өтті.
Шара аясында аудан әкімі Айтбай Жандарбеков жаңа Конституцияның арнайы басылымын аудан прокуроры Мейрамбек Маханбетжанов, аудандық полиция бөлімінің басшысы Болатхан Мұханов, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Өркен Исмайл, «Шарайна Сейхун» газетінің бас редакторы Нұрмахан Елтай, «Кызылординские вести» газетінің меншікті тілшісі Мақсұт Ибрашевқа салтанатты түрде табыстады.
Жиында сөз алған аудандық Ардагерлер кеңесінің төрағасы Өркен Әзімханұлы жаңа Конституцияны қоғам тұрақтылығының негізгі іргетасы ретінде бағалады. Ол ел ішіндегі бірлік пен өзара құрмет қағидаты Қазақстанның ең басты жетістіктерінің бірі екенін тілге тиек етті.
Кездесуді қорытындылаған аудан әкімі Айтбай Жандарбеков салтанатты басқосудың жан-жақты әрі мазмұнды өткенін атап өтті. Оның айтуынша, жиын барысында жаңа Конституцияның мемлекет пен қоғам өміріндегі орны кеңінен сараланып, заң үстемдігі, азаматтық жауапкершілік, қоғамдық келісім және отбасы құндылықтары сияқты негізгі бағыттар бойынша маңызды пікірлер айтылды.
Ата Заң – бүгінгі буынның ғана емес, келешек ұрпақтың да игілігіне қызмет ететін стратегиялық құжат. Оның бас­ты мақсаты – әрбір азамат өзін еркін, қауіпсіз әрі мүмкіндігі мол мемлекетте өмір сүретінін сезіндіретін Әділетті Қазақстанды қалыптастыру. Ендеше қастерлі Отанымыздың болашағы жарқын, егемендегі мәңгі баянды болғай!

Мейіржан ИБРАГИМОВ
07 шілде 2026 ж. 32 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№50 (9417).

04 шілде 2026 ж.

№49 (9416)

30 маусым 2026 ж.

№48 (9415).

27 маусым 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031