Әділетті қоғамға бастар жол
Әділетті қоғам – дамуға бағдар боларлық бағыт. Мемлекеттің саяси, құқықтық және әлеуметтік бағытын айқындайтын негізгі құжат – Конституция. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен қолға алынған конституциялық реформалар ел өміріндегі демократиялық үдерістерге жаңа серпін беруде. Осыған орай Шиеліде «Халықтық Конституция – қуатты мемлекет»» тақырыбында басқосу өтті.Алқалы жиын Шиелі кентіндегі «Арман» мәдениет үйінде өтіп, оған аудан әкімі Айтбай Жандарбеков, аудан прокуроры Мейрамбек Маханбетжанов, құқық қорғау органдарының басшылары, аудандық мәслихат депутаттары, партия өкілдері, зиялы қауым мен белсенді жастар қатысты. Басқосудың басты мақсаты – жаңа Конституция жобасында көзделген өзгерістерді тұрғындарға кеңінен түсіндіру, әрбір азаматтың ел болашағына қатысты саналы таңдау жасауына мүмкіндік беру.
Кездесуді ашқан аудан басшысы өз сөзінде Конституциялық реформаның мәні мен маңызын атап өтті.
– Жаңа Конституцияда әділеттілік, заң үстемдігі, ашықтық пен есептілік қағидаттары нығайып, мемлекеттік институттардың жауапкершілігі артады. Табиғатты қорғау, әлеуметтік әділдік, қоғамдық келісім мен тұрақтылықты сақтау мәселелері де алғаш рет Конституциялық деңгейде нақты көрініс табуда. Бұл өзгерістер еліміздің демократиялық дамуын жаңа сапалық деңгейге көтеріп, құқықтық мемлекет құру жолындағы маңызды белес болмақ.
Алдағы референдум – әр азаматтың ел тағдырына бейжай қарамай, өз таңдауын жасауына мүмкіндік беретін тарихи кезең. Сондықтан барша тұрғынды белсенділік танытып, ел болашағы үшін маңызды шешім қабылдауға атсалысуға шақырамын, – деді аудан әкімі.
Заң үстемдігі – тұрақтылық негізі
Басқосуда аудан прокуроры Мейрамбек Маханбетжанов баяндама жасап, Конституция жобасында көзделген негізгі жаңашылдықтарға тоқталды. Оның айтуынша, заң үстемдігін қамтамасыз ету – құқықтық мемлекеттің басты шарты.

Қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті сақтау тек құқық қорғау органдарының міндеті емес, әрбір азаматтың ортақ жауапкершілігі екені атап өтілді. Қылмыстың алдын алу, құқықтық мәдениетті арттыру, азаматтардың заңды мүдделерін қорғау жаңа Конституцияда нақты көрініс тапқан бағыттардың бірі саналады.
Баяндамада жер мәселесіне қатысты қоғамда көтеріліп жүрген сауалдарға да нақты түсіндірмелер берілді. Жердің шетелдіктерге сатылмайтыны және жалға берілмейтіні Конституциялық деңгейде бекітіліп, ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталғаны айтылды. Сонымен қатар бейбіт жиналыстарды өткізу тәртібі, жалған ақпарат таратуға қарсы жауапкершілік, заң алдындағы теңдік қағидаттары кеңінен түсіндірілді.
Халық пікірі – маңызды фактор
Жиында сөз алған «AMANAT» партиясы Шиелі аудандық филиалының атқарушы хатшысы Жібек Баймұратова конституциялық өзгерістердің ел болашағы үшін маңыздылығына тоқталды. Оның айтуынша, реформалардың табысты жүзеге асуы азаматтардың белсенділігіне тікелей байланысты.

Шиелі ауданының құрметті азаматы, ардагер Әшім Оразбекұлы ел бірлігі мен қоғамдық келісімді сақтауда Ата заңның рөлі ерекше екенін атап өтті. Әділетті қоғам заңға деген құрмет пен жауапкершіліктен басталатыны айтылды. Ал KAP-Logistics ЖШС «Шиелі – Сұңқар» филиалының директоры Дәурен Досмағанбетов экономикалық тұрақтылық пен инвестициялық ахуалдың да құқықтық негізге тәуелді екенін жеткізді. Заң үстемдігі мен ашықтық кәсіпкерлік қызметтің дамуына қолайлы жағдай қалыптастырады.
Жастар таңдауы – ел ертеңі
Кездесуде аудандық қоғамдық даму бөлімінің басшысы Кенжехан Есенбаев жастардың референдумға қатысуының маңыздылығына ерекше тоқталды. Жастардың қоғамдық-саяси белсенділігі ел дамуының маңызды көрсеткіші екені атап өтілді. Жаңа Конституция жобасында әлеуметтік әділдік, қоршаған ортаны қорғау, жастардың әлеуетін дамыту мәселелеріне басымдық берілгені айтылды. Аталған бағыттар болашақ ұрпақтың мүддесін қорғауға арналған.

Тарихи кезең
Шара соңында қатысушылар Конституция жобасы құқықтық мемлекетті одан әрі нығайтып, азаматтардың өмір сапасын арттыруға ықпал ететініне сенім білдірді. Әділеттілік, заң үстемдігі, әлеуметтік теңдік пен адам құқықтарын қорғау – жаңа Ата Заңның негізгі тірегі.

15 наурыз күні өтетін республикалық референдум әрбір азаматқа ел тағдырына қатысты өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік береді. Конституция – халық еркін білдіретін әрі мемлекеттің даму бағытын айқындайтын басты құжат. Әділетті қоғамға бастар жол да саналы таңдау мен ортақ жауапкершіліктен бастау алады.
Айнұр МАХСҰТҚЫЗЫ,
фото Бақытжан БӘЙІМБЕТ
фото Бақытжан БӘЙІМБЕТ