Топ-баннер
Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Әділетті Қазақстанның негізі – заң үстемдігі мен сапалы білім

Әділетті Қазақстанның негізі – заң үстемдігі мен сапалы білім

Шиелі ауданы бойынша білім бөліміне қарасты білім беру ұйымдарының қызметкерлерінің қатысуымен «Әділетті Қазақстанның негізі-заң мен тәртіп» тақырыбында жиын өткізілді. Жиынның спикері – Шиелі ауданы бойынша білім бөлімінің басшысы Дәуренбек Ердібекұлы. Ол Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бастамасымен жүзеге асырылып жатқан Конституциялық реформаның маңыздылығына кеңінен тоқталды. Реформаның маңыздылығы мен білім саласына тигізер оң өзгерістерін атап өтті.  Спикер өз сөзінде Жаңа Конституция жобасы - бұл әрбір азаматтың сапалы білім алуы мен табысқа жетуіне жол ашатын «Әділетті Қазақстан» идеясының нақты көрінісі мен әділетті қоғам қалыптастыруға және заң үстемдігін нығайтуға бағытталғанын жеткізді.  Сонымен қатар спикер ретінде №47 М.В.Ломоносов атындағы мектеп-лицейінің директоры Сейдахметов Жандос Сәдібекұлы жаңа Конституциялық реформаның “Әділетті Қазақстан” идеясын құрудағы ерекшеліктеріне тоқталып, баяндама жасады.  Жиын барысында білім саласы қызметкерлері тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берілді.  Жиынды қорытындылай келе, Дәуренбек Ердібекұлы конституциядағы өзгерістер білім саласының дамуына жаңа серпін беретінін жеткізді және әріптестерін осы жасампаз идеяларды бірлесе іске асыруға жұмылуға шақырды.

17 ақпан 2026 ж. 43 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№13 (9380)

17 ақпан 2026 ж.

№12 (9379)

14 ақпан 2026 ж.

№11 (9378)

10 ақпан 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
232425262728