Құрылтай
Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » БІЛІМДІ ҰРПАҚ. АДАЛ АДАМ. ӨРКЕНИЕТТІ ҚОҒАМ

БІЛІМДІ ҰРПАҚ. АДАЛ АДАМ. ӨРКЕНИЕТТІ ҚОҒАМ

№181 орта мектебінде "Білімді ұрпақ. Адал адам. Өркениетті қоғам" тақырыбында Шиелі ауданы бойынша білім беру ұйымдарының жай-күйі туралы кеңейтілген кездесу өтті.
Кездесуге аудандық мәслихат депутаты А.Бердібаев, аудандық білім бөлімінің бас маманы Т.Бөпежанов, аудандық қамқоршылық кеңесінің төрағасы, ардагер-дәрігер Б.Күлімбетов, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ө.Исмаил, Алмалы ауылдық округі әкімі Ө.Әбдікәрімов, Алмалы ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы Р.Мұхтаров және №155, №133, №243 орта мектептерінің басшылары, жалпы ата-аналар, қамқоршылық кеңес пен ата-аналар комитетінің төрағалары қатысты.
Жиыннын негізгі мақсаты ¬ балалар мен жасөспірімдер арасындағы қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын алу, балалар мен жасөспірімдердің өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін сақтауды қамтамасыз етуді атап өтті.
Келелі басқосуды аудандық қамқоршылық кеңесінің төрағасы, ардагер-дәрігер Б.Күлімбетов жүргізіп, бүгінгі таңдағы білім саласына жасалып жатқан мемлекеттің қамқорлығы, оқушылардың денсаулығы мен қауіпсіздігі, болашақ ұрпақтың білімі мен ізденісі үшін жасалынып отырған жағдайларына тоқталды.
Сонымен қатар білім мекемелерінің жай-күйі туралы хабарламаларын тыңдап, сұрақтар қойылып, мәселенің мән-жайын кеңінен талқылады. Мектеп тазалығы, жылуы және бір мезгіл ыстық тамақтың берілуі және мектеп спорт залының жай-күйі, мектеп тазалығы, кітапхана, асхана, информатика кабинетінің жағдайы зерделенді.

09 ақпан 2024 ж. 372 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№59 (9426).

08 тамыз 2026 ж.

№58 (9425)

04 тамыз 2026 ж.

№57 (9424).

01 тамыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31