Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Адал ұрпақ – ұлт болашағы

Адал ұрпақ – ұлт болашағы

Жуырда Шиелі аудандық білім бөліміне қарасты 40 білім беру мекемесінде бірыңғай жалпы республикалық «Адалдық сағаты» тақырыбында интерактивті онлайн сабақ өтті. Оған 8-11 сыныпта оқитын барлығы 1752 оқушы, Сонымен қатар 105-ке жуық сынып жетекшісі мен 35 мектеп директоры және 35 тәрбие ісі жөніндегі орынбасары қатысты.
Парасаттылық төңірегінде өткен бірыңғай сағатында адалдық, әділдік, әдептілік, жауапкершілік, ар-намыс сияқты көптеген адами қасиеттер түсіндірілді. Осы құндылықтар қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудың негізі болып табылады. Аудандық білім мекемелерін қамтыған «Адалдық сағатының» негізгі мақсаты – өскелең ұрпақтың өн бойына адалдық, парасаттылық, отансүйгіштік, сенім құндылықтарын сіңіруге және жас буынның рухани болмысын бекітіп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыру. Бұл игі бас­тамада «Nur Otan» партиясының, «Атамекен» ҰКП-ның, ардагерлер алқасының, жастар ұйымдарының аудандағы өкілдері, сондай-ақ білім беру саласының үздіктері, арнайы мониторингтік топ өкілдері, қоғам белсіндерілері білім алушыларға дәріс оқыды.
Адалдық сағатында лекторлар адам бойында қалыптасқан адалдық пен әділдік құндылықтарының қасиетін, тағылымға толы тарих беттеріндегі әділдікті ту еткен кемеңгерлердің туралығын жан-жақты айтты. Сонымен қатар жастар жылында тың бастамалар мен өнерлі жастарға қолдау көптігін жеткізді. Шара барысында оқушылар адалдықты, парасаттылықты қалай түсінетіндіктері және оны қалыптастыру жөнінде ойларын жеткізді. Сондай-ақ ойларында жүрген сұрақтарын қойып пікір алмасты.
16 қараша 2019 ж. 2 097 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№41 (9308)

03 маусым 2025 ж.

№40 (9307)

31 мамыр 2025 ж.

№39 (9306)

27 мамыр 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30