БЕРЕКЕЛІ АУДАН, ДАМУ МЕН ЫНТЫМАҚТЫҢ ҮЛГІСІ
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» Жарлығына сәйкес, Шиелі ауданының әкімі Айтбай Жандарбеков сәрсенбі күні кент тұрғындарымен кездесу өткізді.90 жылдық тарихы бар Шиелі соңғы жылдары бұрынғысынан да көркейіп, күн санап аудан ажары арта түскен. Жаңадан бой көтерген көздің жауын алар әсем ғимараттар, ел игілі үшін берілген аллеялар, заманауи талапқа сай безендірілген түнгі жарық шамдар бәрі де халық сұранысына сай жұмыс істеп тұр. Күрмеуі шешілмеген түйткілді мәселелер де кезең-кезеңімен оң шемімін табуда. Әрине, бұл – үлкен жетістік.
Осынау жетістіктің артында қаншама азаматтың еселі еңбегі, төккен тері жатыр. Нәтижесінде, аудан бюджеті артып, өндіріс өркендеп, халықтың әлеуметтік-экономикалық жағдайы жақсарған. Бұл туралы аудан әкімі Шиелі кентіндегі №219 Ы.Алтынсарин атындағы мектеп пен Б.Қабылұлы атындағы аудандық мәдениет үйінде өткен кездесу жиынында баяндап, алдағы атқарар жобаларымен бөлісті.
Соңғы жылдары ауданды дамыту бағытында ауыз толтырып айтарлықтай жұмыстар атқарылуда. Оң өзгерістерге бет алған ауданның кейпі өзгеріп, жаңаша түрленіп келеді. Мемлекеттік бағдарламалармен қатар, жергілікті биліктің жүйелі жұмысы мен аудан тұрғындарының белсенділігінің арқасында кенттің еңсесі тіктеліп келеді.
АУДАН БЮДЖЕТІ АРТҚАН
Аудан әкімінің баяндамасына сүйенсек, биылғы 1 мамырдағы статистикалық мәліметтерге сәйкес ауданның негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерінде оң динамика қалыптасқан. 2026 жылға аудандық бюджет көлемі несиелерді қоса есептегенде 10 млрд 294 млн теңге болып бекітілсе, жыл ішіндегі нақтылау нәтижесі бойынша 11 млрд 702 млн теңгеге жеткен.

– Президент «Мемлекеттік саясаттағы маңызды бағыттың бірі – аймақтарды жан-жақты дамыту. Әлеуметтік, инженерлік және көлік инфрақұрылымын құру – басты міндет» деп нақты атап өткен болатын. Инфрақұрылымды дамыту – ел дамуының қайнар көзі. Сондықтан алдағы уақытта бұл жұмыстарды әрі қарай қарқынды жүргізу үшін нақты жоспарлар әзірледік. Бұл бөлінген ауқымды қаражат ең алдымен халықтың әл-ауқатын арттыруға, тұрмысын жақсартуға бағытталады, – деді аудан әкімі.
32 088 ГЕКТАРҒА ЕГІН ЕГІЛДІ
Елдің еңбекпен көркейетінін ескерсек, еңбек адамының қоғамда қашанда орны ерекше, абыройы биік. Халық еңбекке бейім болса, ел ырысқа кенеліп, өзгелермен терезесі теңеліп, бақуатты, бәсекеге қабілетті мемлекет болып нығаяды. Осы тұрғыда Мемлекет басшысы Қасым Жомарт Тоқаевтың «Ауыл шаруашылығын дамытпай, бәсекеге қабілетті экономика құру мүмкін емес» деген сөзі, ауыл шаруашылығы саласындағы еңбеккерлерге жаңа серпін бергендей. Елді азық-түлік өнімдерімен қамтамасыз ететін ауыл шаруашылығының жұмысы қарқын алып, түрлі жобалар қолға алынды.

Биыл аудан бойынша 32 088 гектар жерге егін егілді. Оның ішінде негізгі дақыл күріш 11375 га, күздік бидай 1300 га, жаздық бидай 323 га, тары 200 га, дән жүгері 2100 га, мақсары 1000 га, күнбағыс 10 га, соя 70 га, жаңа жоңышқа 2870 га, ескі жоңышқа 7630 га, мал жемдік асқабақ 120 га, жемдік жүгері 60 га, сонымен қатар картоп 235 га, көкөнiс 2250 га және 2545 гектар жерге бақша дақылдары орналастырылған. Күріш егу науқаны 15 сәуір күні басталған. Бүгінде Лидер, Авангард, Каурис тұқымдарын егу жұмыстары толық аяқталып, суға бастырылған.
Кейінгі жылдары Сыр өңіріндегі диқандарды дарияның деңгейі алаңдатқаны рас. Түрлі себеппен жоғарыдан келетін су мөлшері азайып кетті. Бұл егін шаруашылығымен айналысатын диқандардың жоспарланған көлемде егін егуіне кедергісін келтірді. Дейтұрғанмен, диқандар белгіленіп берілген судың лимитін дұрыс әрі үнемді пайдалануға ден қойған. Мемлекет басшысының су үнемдеу тапсырмасына сәйкес аймақта су көп қажет ететін дақылдар көлемі оңтайландырылып, үнемдеу технологиясы енгізілген.
Мәселен, биыл «Таң LTD» ЖШС-гі 1000 гектар жерге дәндік жүгері дақылын тамшылатып суару әдісімен ексе, «Центр Семеноводства» ЖШС-і жаңбырлатып суару технологиясы арқылы 1000 гектар алқапқа жүгері дақылын егіп отыр. Бұл тамшылатып және жаңбырлатып суару әдісі – ең алдымен судың ысырабын азайтудың, екіншіден өнім көлемін арттырудың тиімді тәсілі болып табылады.
САПАЛЫ АУЫЗСУ – ДЕНСАУЛЫҚ КЕПІЛІ
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жолдауында: «Ауыз су мәселесін толық шешу – ең бірінші міндетіміз. Бұл бағыттағы жобалар сапалы, жұмыстар тиянақты болуы тиіс. Жол карталары мен жоспарлар нақтыланып, елді мекендерді 100 пайыз ауыз сумен қамту жұмысы жүйелі жүргізілуі керек» деген еді.

Президент пәрмені бойынша ауданда нақты алдыға жылжу бар. Сөзіміздің дәлелі – ауданда су құбырларын салу, қайта жаңғырту және ауылдар мен елді мекендерді ауыз сумен қамту жұмыстарының қарқынды жүргізілуі. Бүгінде орталықтандырылған ауыз су құбырынан 21 елді мекен, тікелей скважина арқылы 9 елді мекен және су тұщытқыштар арқылы 3 елді мекен сапалы ауыз сумен қамтылып отыр.
Сондай-ақ ҚР Үкіметінің 2022 жылғы 23 қыркүйектегі №736 қаулысымен бекітілген «Тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасына» сәйкес халық саны 200 адамға дейінгі елді мекендерге су тұщытқыш кешенді блок-модульдері орнатылған.
АВТОМОБИЛЬ ЖОЛДАРЫ ЖАҢАРАДЫ
Ауданда жолдарды жөндеу мен жаңалау жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Өңір аумағындағы автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы 323,4 шақырымды құрайды. Оның 80 шақырымы Республикалық, 98 шақырымы облыстық және 145,4 шақырымы аудандық маңыздағы автомобиль жолдары санатында.

Бүгінде аудандық маңыздағы «Самара-Шымкент» автомобиль жолының 8 шақырымын қайта құрылымдау» жұмыстары 1,7 млрд теңгеге жүргізілуде. Сондай-ақ аудан үшін маңызы зор «Шиелі – Тайқоңыр» автомобиль жолының 13 шақырымы «Kazatomprom» компаниясының демеушілігімен 2,5 млрд теңгеге күрделі жөндеуден өтіп, тұрғындар игілігіне берілді.
Сонымен қатар «Самара-Шымкент-Еңбекші» автомобиль жолының 4,3 шақырымын «Гежуба Шиелі Цемент компаниясы» ЖШС-нің демеушілігімен құны 1 млрд 200 млн теңгеге күрделі жөндеу жұмыстары басталды. Биыл тамыз айында құрылыс жұмыстары толық аяқталып, халық игілігіне табысталмақ.
– Өңірде автомобиль жолдары қашанда өзекті. Бұл бағытта жұмыс қарқынын күшейтудеміз. Ауданға қарасты Бәйгеқұм, Ә.Тәжібаев, Тартоғай, Ы.Жақаев, Алғабас, Бидайкөл елді мекендердегі ішкі көшелерді күрделі және орташа жөндеу жұмыстарына 1,3 млрд теңге бөлініп, жұмыстар толық аяқталды. Одан өзге, 524 млн теңгеге «Шиелі – Қарғалы – Байкенже –Жаңақорған» облыстық маңызы бар автомобиль жолының 10 шақырымына орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді.
Сондай-ақ кенттегі Жайлыбаев, Д.Смайлов және Ә.Смайлов көшелерінің автомобиль жолдарын күрделі жөндеу жұмыстарына 519 млн теңге бөлініп, тиісті жұмыстар жүргізілді және 10 көше қайта жаңғыртылды. Барлығы 25,8 шақырым болатын 31 көше автомобиль жолдары күрделі жөндеуден өтіп, жаяу жүргіншілер жолдары және түнгі жарық шамдары жаңартылды, – деді аудан әкімі Айтбай Жандарбеков.
ДЕНСАУЛЫҚ САЛАСЫНДАҒЫ СЕРПІН
Қай қоғамда болсын адам денсаулығы – ең басты байлық, ал оны қорғау – мемлекеттің тікелей міндеті. Соңғы жылдары Шиелі ауданында денсаулық сақтау саласында атқарылған жүйелі жұмыстар осы ұстанымның нақты іске асып жатқанын айқын көрсетеді. Аудан медицинасындағы оң өзгерістер – тек ғимарат салып, құрал-жабдық алумен шектелмей, халыққа көрсетілетін қызмет сапасын арттыруға, медициналық қолжетімділікті кеңейтуге бағытталған кешенді саясаттың жемісі.

Бүгінде ауданда 250 төсек-орындық аудандық аурухана, ауысымына 250 адам қабылдайтын аудандық емхана, 2 ауылдық аурухана, Көкшоқы ауруханасы, 19 дәрігерлік амбулатория, 3 фельдшерлік-акушерлік бекет және 13 медициналық бекет тұрғындарға үздіксіз қызмет көрсетуде. Бұл – аудан халқының денсаулығын сақтауға арналған іргелі инфрақұрылымның қалыптасқанын білдіреді.
Ал көпбейінді орталық аудандық аурухана ғимаратына қосымша блок салынып, заманауи МРТ аппаратының орнатылуы аудан медицинасының жаңа деңгейге көтерілгенін көрсетеді. Құрылысқа 733 млн теңге, ал жоғары технологиялық МРТ аппаратына 650 млн теңге қаражат бөлініп, бүгінде ол толық іске қосылды. Енді шиеліліктер күрделі диагностикалық тексерулер үшін облыс орталығына сабылмайды.
Кездесу жиынында аудан әкімі Айтбай Насриддинұлы ауданда орнатылған жоғары технологиялық МРТ аппаратына мамандар жетіспейтінін, қазіргі таңда тұрғындар үшін өзге қалалардан мамандар арнайы шақыртылып жұмыс істеп жатқанын тілге тиек етті.
Шиелі ауданында атқарылып жатқан бұл жұмыстар – елдегі ауқымды реформалардың жергілікті деңгейде нақты іске асып жатқанын көрсетеді. Денсаулық сақтау саласына салынған әрбір қаржы, жаңғыртылған нысан – халықтың өмір сапасын жақсартуға бағытталған инвестиция. Яғни, әрбір әрекет бүгінгі күннің ғана емес, болашақтың қамы.
ТҰРҒЫНДАР ТІЛЕГІ ТЫҢДАЛДЫ
Кент тұрғындарымен кездесуде Айтбай Жандарбеков аймақтың І-ші жартыжылдық бойынша әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерін баяндап, тұрғындармен еркін пікір алмасуға мүмкіндік берді. Мұндай ашық әрі жемісті кездесулердің нәтижесінде халықтың мұң-мұқтаждары мен ұсыныстары тыңдалып, оларды шешу жолдары талқыланды.

Теріскей бетте өткен жиында тұрғындар өздерін толғандырған мәселелерді ортаға салды. Бұл қатарда Қ.Сыздықов көшесінің тұрғындары тарапынан «Кәусар» балабақшасының алдына түнгі жарық шамдарын қою, балалар ойын алаңын салу және балабақша алдына жол бұдыры қойылса деген ұсыныстарды ортаға салды. Сондай-ақ теріскей бет тұрғындары аудан орталығына қатынайтын 25-ші нөмірлі қоғамдық көліктің санын көбейту керегін айтты. Ал Б.Қабылұлы атындағы аудандық мәдениет үйінде өткен есеп беру жиынында Шиелі кенті ардагерлері кеңесінің төрағасы Болат Күлімбет балықты тоқпен аулаушыларға тосқауыл қойып, ұсталған азаматтарға заң аясында жауапқа тартуды сұрады.
Аудан әкімі Айтбай Насриддинұлы көтерілген сауалдар бойынша тиісті шаралар қабылданатынын, алдағы уақытта көтерілген ұсыныстар жөнінде жұмыстар жүргізетінін айтып, «Тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған жобаларды сапалы әрі уақтылы жүзеге асыру – біздің басты міндетіміз» деді.
ЗАҢ МЕН ТӘРТІП ҚАҒИДАТЫ ТҮСІНДІРІЛДІ
Қоғамдағы тұрақтылық пен қауіпсіздік – кез келген мемлекеттің басты құндылықтарының бірі. Заң үстемдігі орныққан жерде ғана әділдік салтанат құрып, азаматтардың мемлекетке деген сенімі артады. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ұсынған «Заң мен тәртіп» тұжырымдамасы елімізде құқықтық мәдениетті қалыптастыруға, қоғамдық жауапкершілікті арттыруға және құқық бұзушылықтың алдын алуға бағытталған маңызды бастамаға айналды.

Қазіргі технология дамыған заманда телефон және интернет алаяқтарының айла-тәсілдері күн санап құбылуда. Қаншама ескертулерге қарамастан олардың құрығына түсетін адамдар әліде көп. Сондықтан да тұрғындардың құқықтық әрі цифрлық сауаттылығын арттыру аса маңызды.
Халықпен кездесу жиынына арнайы қатысқан Шиелі ауданы полиция бөлімінің бастығы, полиция подполковнигі Болатхан Мұханов «Заң мен Тәртіп» қағидаты бойынша кент тұрғындарына түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, алаяқтықтан сақтануға, кәмелет жасына толмаған, жүргізуші куәлігі жоқ жасөспірімдерге көлік тізгінін бермеуге шақырды. Сонымен қатар мектеп бітіруші түлектердің көлікпен көше шеруін жасауға тосқауыл қою керегін айтып, қауіптің алдын алуға шақырды.
Кездесу соңында ақсақалдар дәстүрге сай бата беріп, елдің дамуына үлес қосқан азаматтарға зор табыс тілеп, бірлік пен ынтымақтастықтың нығаюына ықпал етті.
М.Ибрагимов