ПАРТИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ БЕКЕТІ АШЫЛДЫ
«AMANAT» партиясының бастамасымен еліміз бойынша сайлауалды уәделердің орындалу барысын жүйелі түрде бақылап отырады. Басты мақсат - құрылыс сапасын, бөлінген қаражаттың тиімді игерілуін, қауіпсіздік ережелерінің сақталуын, жұмысшылардың әлеуметтік жағдайын, сондай-ақ жалақының уақытылы берілуін бақылауға болады.

Шиелі ауданы, Жөлек ауылдық округінде жүргізіліп жатқан Спорт кешенінің құрылысына аудандық партиялық бақылау комиссия мүшелерінің қатысуымен партиялық бақылау бекеті ашылды. Нысан ауыл жастарының спортпен тұрақты айналысуына мүмкіндік жасап, бұқаралық спортты дамытуға серпін береді.
Спорт кешенінің жалпы ауданы 982,15 шаршы метрді құрайды. Ғимараттың құрылыс алаңы - 885,40 шаршы метр, құрылыс көлемі - 9 990 текше метр. Нысанның архитектуралық шешімі заманауи талаптарға сай жүзеге асырылып, өлшемі 20х42 метр болатын тіктөртбұрыш пішінінде салынған.
Құрылыс жұмыстарын «Интегрострой» ЖШС жүргізсе, техникалық қадағалауды «Строительный контроль» ЖШС, авторлық қадағалауды «ПСК Qabylet» ЖШС жүзеге асырған.
Жаңа спорт кешені ауыл тұрғындарының бос уақытын тиімді ұйымдастыруға, жасөспірімдердің спортқа қызығушылығын арттыруға және өңірдегі спорт инфрақұрылымын дамытуға бағытталған маңызды әлеуметтік нысан болып табылады. Құрылыс нысаны аяқталғанға дейін партияның бақылауында болады.
#AMANAT
#KPK