Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » СПОРТ ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫ ҚҰРЫЛЫСЫНЫҢ БАРЫСЫНА МОНИТОРИНГ ЖҮРГІЗІЛДІ

СПОРТ ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫ ҚҰРЫЛЫСЫНЫҢ БАРЫСЫНА МОНИТОРИНГ ЖҮРГІЗІЛДІ

Аудандық партиялық бақылау комиссиясының төрағасы Насырбек Мырзабеков, аудандық мәслихат төрағасы Мұрат Тұрабаев, аудандық партия филиалының атқарушы хатшысы Жібек Баймұратова, партиялық бақылау комиссиясының мүшелері Ғани Есімов, Біржан Өтебай, Нұрсұлтан Сапарбаев және тиісті сала басшыларымен бірге Шиелі кенті, Абай көшесінде орналасқан спорт кешенінің күрделі жөндеу жұмыстарының барысымен танысты. Сонымен қатар, құрылыс алаңында аудандық партиялық бақылау комиссиясы мүшелерінің қатысуымен партиялық бақылау бекеті ашылды. Бекеттің ашылуы – әлеуметтік нысандар құрылысының сапасы мен мерзімінде аяқталуын қамтамасыз етуге бағытталған нақты қадам.

Партиялық бақылау бекеті құрылыс алаңында тікелей орналасып, жөндеу жұмыстарының барысын тұрақты бақылауға мүмкіндік береді. Бұл бастама ашықтықты арттыруға, мердігер ұйымдардың жауапкершілігін күшейтуге және тұрғындар үшін маңызды нысандардың сапалы пайдалануға берілуін қамтамасыз етуге бағытталған. Аталған жұмыс "AMANAT" партиясы тарапынан жүзеге асырылып жатқан қоғамдық бақылаудың тиімді тетігі болып табылады.

Құрылыс жұмыстарын СК "ЛИРА" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жүргізуде. Жобаның жалпы құны – 249 млн теңге. Қазіргі таңда нысанда ішкі әрлеу жұмыстары, инженерлік желілерді жаңарту, шатыр жабындысын толықтай ауыстыру жұмыстары қарқынды түрде жүргізілуде. Спорт кешені пайдалануға берілгеннен кейін тұрғындардың спортпен тұрақты айналысуына қолайлы жағдай жасалып, салауатты өмір салтын қалыптастыруға және бұқаралық спортты дамытуға оң ықпал етеді.


06 сәуір 2026 ж. 107 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№24 (9391)

04 сәуір 2026 ж.

№23 (9390)

31 наурыз 2026 ж.

№22 (9389)

28 наурыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930