Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » ПАРТИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

ПАРТИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

«AMANAT» партиясы Шиелі аудандық филиалының партиялық бақылау комиссиясының мүшелері, партияның сайлауалды бағдарлама аясында жүріп жатқан Бестам ауылындағы 150 орындық клуб үйінің құрылысына бақылау жұмыстарын жүргізді. Құрылыс жұмысын бақылауға аудандық мәслихат депутаты, фракция жетекшісі Қ. Шәукебаев, атқарушы хатшы Ж.Баймұратова, ауыл әкімі М.Қыпшақбаев, ауылдың ардагерлері мен мердігер өкілдері қатысты. Қазіргі кезде құрылыс жұмыстары қарқынды, нысанның шатырын жабу жұмыстары жүруде. Нысан құрылысы 2025 жылдың тамыз айында пайлануға беру жоспарлануда.  Жұмыс барысында комиссия мүшелері құрылыс жұмысының сапалы әрі тиянақты жүруін, жұмыс кестесінен кешіктірілмеуін басты назарда ұстап, мұның барлығы партия бақылауында болатынын ескертті. Алдағы уақытта да сайлауалды бағдарлама аясында салынып жатқан құрылыс нысандары, құрылыстың уақытылы әрі сапалы орындалуы жолында партиялық бақылау комиссиясы үнемі бақылау жұмыстарын жүргізіп отыратын болады.

28 наурыз 2025 ж. 667 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№96 (9363)

16 желтоқсан 2025 ж.

№95 (9362)

13 желтоқсан 2025 ж.

№94 (9361)

09 желтоқсан 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031