Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » ПАРТИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

ПАРТИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

«AMANAT» партиясы Шиелі аудандық филиалының Төрағасы Сыздық Болат Мүбаракұлы, аудандық мәслихат төрағасы Жандарбеков Айтбай Насриддинұлы, аудан әкімінің міндетін атқарушы Алдабергенов Алмат Әбдуәзизұлы, аудан әкімінің орынбасары Смағұлов Болат Әбдулхайысұлы, Иіркөл ауылдық округінің әкімі Байділдаев Бақытжан Әлиайдарұлы партияның сайлауалды бағдарлама аясында Иіркөл ауылдық округі, Жансейіт елдімекенінде мемлекет қаржысына құрылысы салынып жатқан 100 орындық білім нысанының жұмыстарына бақылау жұмыстарын жүргізді. Бақылау бекеті орнатылған бұл нысанның құрылыс жұмыстары қарқынды жүруде.
Аталған топ мүшелері құрылыстың сапасына, бөлінген қаржының тиімді игерілуіне, құрылыс материалдарының талан-таражға түспеуіне, онда жұмыс жасап жатқан жұмысшылардың әлеуметтік жағдайы мен техникалық қауіпсіздік ережелерінің сақталуына, нысанның уақытылы тапсырылуын ескертті.

22 тамыз 2024 ж. 119 0