Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » ЕҢБЕК АДАМЫНА ҚҰРМЕТ – ЕЛ ДАМУЫНЫҢ НЕГІЗІ

ЕҢБЕК АДАМЫНА ҚҰРМЕТ – ЕЛ ДАМУЫНЫҢ НЕГІЗІ

Сейсенбі күні «Арман» мәдениет үйінде аудан әкімі Айтбай Жандарбековтің қатысуымен салтанатты марапаттау шарасы өтті. Аталған басқосу Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жариялауына және еліміз бойынша жүзеге асырылып жатқан «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында ұйымдастырылды.
Шараның басты мақсаты – қарапайым еңбек адамдарының қоғамдағы мәртебесін арттыру, олардың күнделікті маңдай терімен атқарып жүрген еңбегіне лайықты құрмет көрсету, сондай-ақ киелі Шиелі ауданында таза, жайлы әрі қауіпсіз орта қалыптастыру жолында аянбай қызмет етіп жүрген азаматтарды ынталандыру болды.
Салтанатты жиында аудан әкімі ­Айтбай Жандарбеков сөз сөйлеп, Мемлекет басшысының «Жұмысшы мамандықтар жылы» бастамасы еңбекке адал азаматтарды қолдауға, олардың беделін көтеруге бағытталған маңызды шешім екенін атап өтті. Сонымен қатар «Таза Қазақстан» акциясы аясында ауданда тазалық пен абаттандыру жұмыстары жүйелі түрде жүргізіліп жатқанын, елді мекендер, көшелер мен қоғамдық орындардың көркі айтарлықтай жақсарғанын жеткізді.
Өтіп бара жатқан Жылан жылының аудан үшін табысты болғанын тілге тиек еткен аудан басшысы Шиелі ауданының облыстық «Үлгілі елді мекен» байқауында «Үлгілі аудан» атануын үлкен жетістік ретінде бағалады. Сондай-ақ тазалық жұмыстарын күшейту мақсатында арнайы коммуналдық техникалардың алынуы аудан инфрақұрылымын дамытуға оң әсер еткенін атап өтті.
Сөз соңында Айтбай Жандарбеков тазалық пен тәртіп әрбір тұрғынның ортақ жауапкершілігі екенін айтып, еңбек адамдарына алғысын білдірді. Ол барша аудан халқын бірлікке, еңбекқорлыққа және туған жерді көркейтуге бірлесе атсалысуға шақырды.
Салтанатты шара барысында еңбегімен ерекшеленген 5 азаматқа «Сарыағаш» шипажайына жолдама, ал 27 азаматқа қаржылай сыйлықтар табысталды. Бұл марапаттар – қарапайым еңбек иелеріне көрсетілген құрметтің айқын көрінісі болды.
Іс-шара соңы аудан өнерпаздарының ән-күйімен жалғасып, қатысушыларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Сондай-ақ салтанатты жиынға келген азаматтарға аудан әкімдігінің атынан жаңа жылдық сыйлықтар таратылып, мерекелік атмосфера қалыптасты.
Мұндай тағылымды шаралар еңбек адамдарының мәртебесін арттырып қана қоймай, қоғамда еңбекке деген құрметті нығайтып, ел бірлігін бекемдей түсетіні сөзсіз.

Гүлхан ЯХИЯ,
суретті түсірген Бақытжан БӘЙІМБЕТ
29 желтоқсан 2025 ж. 28 0

Қоғам

БАЛЫҚ ШАБАҚТАРЫ ҚҰТҚАРЫЛДЫ
29 желтоқсан 2025 ж. 24

PDF нұсқалар мұрағаты

№99 (9366)

27 желтоқсан 2025 ж.

№98 (9365)

23 желтоқсан 2025 ж.

№97 (9364)

20 желтоқсан 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031