Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » СЕНБІЛІК ЖҰМЫСТАРЫ – ТАЗАЛЫҚ ТАРАЗЫСЫ

СЕНБІЛІК ЖҰМЫСТАРЫ – ТАЗАЛЫҚ ТАРАЗЫСЫ


Өткен сенбіде Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында сенбілік жұмыстары ұйымдастырылды.
Аудан әкімі Айтбай Жандарбековтың жетекшілігімен өткен бұл шараға аудан тұрғындары, мемлекеттік мекеме қызметкерлері, жастар ұйымдары және еріктілер белсене қатысты.
Сенбілік барысында көшелер, саябақтар мен қоғамдық орындар қоқыстан тазартылып, гүлдер отырғызылып, жасыл желектер күтімге алынды. Абаттандыру және көгалдандыру жұмыстары ауданның экологиялық жағдайын жақсартуға және тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған.
Аудан әкімдігі мұндай игі істердің алдағы уақытта да жалғасын табатынын атап өтті.
Тазалық – баршаға ортақ іс екенін ескерсек, әрбір азаматтың туған өлкесінің көркеюіне қосар үлесі зор.

«Өскен өңір» ақпарат
06 мамыр 2025 ж. 474 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№20 (9387)

17 наурыз 2026 ж.

№19 (9386)

14 наурыз 2026 ж.

№18 (9385)

07 наурыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031