Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » ЖАППАЙ СЕНБІЛІК ӨТТІ

ЖАППАЙ СЕНБІЛІК ӨТТІ

Өткен сенбіде «Таза Қазақстан» акциясы аясында жаппай сенбілік ұйымдастырылды. Сенбілікке барлық кент және ауылдық округтер, дербес бөлімдер, ардагерлер, жастар қатысып, санитарлық тазалық жұмыстарын жүргізуде, экологиялық жағдайды жақсарту мақсатында қалдықтарды жинап, аумақтарды тазартты.
Сенбілік жұмыстарына арнайы қатысқан аудан әкімі Айтбай Жандарбеков қатысушыларға алғысын білдіріп, бұл бастама ауданның табиғаты мен айналасын қорғауға, тұрғындардың өмір сапасын жақсартуға оң әсер ететініне сенімді екенін айтты.
Қоршаған ортаны таза ұстау және экологиялық мәдениетті арттыру – баршамыздың ортақ міндетіміз. Мұндай сенбіліктер ауданымыздың тазалығы мен экологиялық жағдайын жақсартуға ықпал етеді.
Айта кетейік, ауданымызда тазалық, көгалдандыру жұмыстары алдағы уақытта да жалғасады .

«Өө» ақпарат
26 наурыз 2025 ж. 340 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№7 (9374)

27 қаңтар 2026 ж.

№6 (9373)

24 қаңтар 2026 ж.

№5 (9372)

21 қаңтар 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031