"AMANAT" партиясы жас кәсіпкерлерге жаңа жылдық лебізін жеткізді
«AMANAT» партиясы Шиелі аудандық филиалының атқарушы хатшысы Жібек Баймұратова «Бақытты отбасы» партиялық жобасы аясында «Ауыл аманаты» бағдарламасында қолдау тапқан жобалар бойынша жұмыс жасап жүрген жас кәсіпкерлерді Жаңа 2026 жылмен құттықтап, сәттілік пен табыс тіледі.Жас кәсіпкерлердің еңбекқорлығы мен жаңашыл бастамалары ауданның дамуына серпін беріп, жергілікті экономиканы жандандыруға өз үлесін қосып келеді. Жібек Баймұратова әр кәсіпкерге табыс тілеп, ел игілігі үшін жасап жатқан жұмыстарына алғысын білдірді. "Басты мақсат – ауыл халқының тұрмысын жақсартып, кәсіпкерлікке қолдау көрсету", – деді ол. Кәсіпкерлік — аудан мен ауыл экономикасын алға сүйрейтін басты күштердің бірі. Жас кәсіпкерлердің белсенділігі мен еңбекқорлығы ел ертеңіне сенім ұялатады.







