ҚҚС өсімі құрылыс саласын шығынға ұшырата ма?
2026 жылдан бастап ҚҚС мөлшерлемесінің 12%-дан 16%-ға өсуі мемлекеттік құрылыс жобаларын залалды етуі мүмкін. Бизнес бұл мәселені шешу үшін Үкіметтен нақты механизм сұрап отыр, деп жазады Egemen.kz.

«Атамекен» ҰКП алаңында өткен жиында құрылыс компаниялары барлық жобалар 12% ҚҚС мөлшерлемесімен келісілгенін, ал жаңа 16% мөлшерлеме материалдар мен жұмыстың өзіндік құнын күрт көтеретінін айтты.
Құрылыс саласының табыстылық деңгейі шамамен 8%. Сарапшылардың айтуынша, ҚҚС-тың 4% өсімі осы маржаны толық жойып, жобаларды шығынға әкеледі.
Бизнес өкілдері 2026 жылға өтетін мемлекеттік жобаларды қайта есептеу тетігін тез арада бекітуді сұрады. ҰКП комитетінің өкілдері жалғыз дұрыс әдіс – тапсырыс берушімен қосымша келісім жасап, қалған жұмыс көлеміне 4% үстеме қосу екенін жеткізді.
Қаржы министрлігі ҚҚС-тың 16% мөлшерлемесі 2026 жылдан бастап барлық сатылымдарға қолданылатынын растады. Құрылыс істері комитеті салық өзгерсе, жобаның құнын ұлғайтуға мүмкіндік беретін норма бар екенін айтты. Бірақ құрылысшылар жергілікті органдар бұл тетікті іс жүзінде пайдаланбайтынын жеткізді.
Тұрғын үйге қатысты ҚҚС мәселесі де талқыланды. 2026 жылдан бастап тұрғын үй сату ҚҚС-тан босатылмайды. Бірақ 2026 жылға дейін басталған немесе пайдалануға берілген нысандарға салық салынбайды.
Сала өкілдері жаңа мөлшерлемеге көшу тәртібін түсіндіретін бірыңғай ресми құжат қажет екенін атап өтті. Онсыз келісімшарттардың бұзылуы, айыппұлдар және сот даулары көбейеді.