Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » «30/70» тұрғын үй несиесімен ипотека алуға бола ма?

«30/70» тұрғын үй несиесімен ипотека алуға бола ма?



Әзірге бағдарлама бойынша тек 6 құрылыс компаниясының үйлерінен пәтер алуға болады.

  Ипотека шарттары:
  • Бастапқы жарна – 30%;
  • Пайыздық мөлшерлемесі – алғашқы үш жылда 7-10%, кейін 3,5% болады;
  • Пәтерді тек бастапқы нарықтан немесе салынып жатқан тұрғын үйден үлесті қатысу арқылы алуға болады;
  • Несие сомасы – 90 миллион теңгеге дейін;
  • Несие мерзімі – 25 жылға дейін.
Егер үй әлі салынып жатқан болса, қосымша кепіл ретінде басқа пәтерді қою қажет. Оның құны ипотека сомасының кемінде 70 пайызын жабуға тиіс және салынған мерзімі кірпіш үй болса – 60 жылдан, панельдік үй болса, 50 жылдан аспауы керек. Ол қарыз алушының немесе кепілгердің атында болуы мүмкін. Үй дайын болғанда, сатып алып жатқан пәтерді кепілге қоюға болады.
Егер  қарыз алушыда депозит болмаса, ол 3 жыл бойы тұрғын үйдің барлық құнына аралық несие (7-10%) төлейді. Салымдағы жинақ пәтер құнының 50 пайызына жеткенде, мөлшерлеме 3,5%-ға дейін төмендейді.
Әзірге бағдарламаға тек 6 құрылыс компаниясы ​​қатысып жатыр.
23 ақпан 2023 ж. 505 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (9359)

02 желтоқсан 2025 ж.

№91 (9358)

01 желтоқсан 2025 ж.

№90 (9357)

25 қараша 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031