Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Құрылыс қарқыны артып келеді

Құрылыс қарқыны артып келеді

Құрылыс қарқыны артып келедіБүгін Премьер-министрдің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында 2025 жылдың алғашқы жартыжылдығындағы құрылыс саласының даму қарқыны қаралды. Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаевтың айтуынша, бұл салада тұрақты өсім байқалып отыр, деп жазады Egemen.kz.
Оның мәлімдеуінше, биылғы 6 айда құрылыс жұмыстарының жалпы көлемі 3,3 трлн теңгені құрады, бұл былтырғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 18,4%-ға артық. Мұндай оң динамика еліміздің 20 өңірінің 19-ында тіркелген. Бұл құрылыс индустриясының жалпы экономикалық өсімге белсенді үлес қосып отырғанын көрсетеді.
Биыл 19,2 млн м² тұрғын үй салу жоспарланса, оның 7,9 млн м²-сі алғашқы жартыжылдықта пайдалануға берілді. Бұл – өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 6,6%-ға артық көрсеткіш.
Ең жоғары өсім тіркелген өңірлер қатарына Түркістан, Ақмола, Ұлытау, Жетісу облыстары мен Шымкент қаласы енді. Сарапшылар мұны тұрғындарға арналған инфрақұрылымды дамытудың және инвестициялық ахуалдың жақсаруымен байланыстырады.
«Құрылыс саласының тұрақты өсімі – экономиканың серпінді бағыттарының бірі. Сала 2010 жылдан бері жылына орта есеппен 7%-ға өсіп келеді. Ал соңғы екі жылда нақты көлем индексі 115%-дан жоғары деңгейде қалып отыр», деді Ерсайын Нағаспаев.

15 шілде 2025 ж. 156 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№96 (9363)

16 желтоқсан 2025 ж.

№95 (9362)

13 желтоқсан 2025 ж.

№94 (9361)

09 желтоқсан 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031