Ел аумағының 45 пайызына жуығы сейсмикалық қауіпті аймақтарға жатады
Әзірленіп жатқан Құрылыс кодексінде «Сейсмикалық аймақтардағы жобалау және құрылыс ерекшеліктері» атты жаңа тарау қарастырылған. Бұл туралы Парламент Мәжілісінде құрылыс кодексі жобасының тұсаукесері барысында өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Тимур Қарағойшин мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz аталған министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Фото: Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті
Оның айтуынша, соңғы жылдардағы зерттеулер қорытындысы бойынша Қазақстан аумағының шамамен 45 пайызы сейсмикалық қауіпті аймақтарға жатқызылған. Осыған байланысты, сейсмикалық аймақтардағы жобалау және құрылыс нормалары еліміз үшін өте маңызды.
Құрылыс объектілерінің сапасын арттыру мақсатында құрылыс ұйымдарымен сейсмикалық оқшаулау жүйелерін қолдану бойынша кешенді шараларды қабылдау жоспарланып жатыр. Соның ішінде: сейсмикалық қауіпті ерте бағалау, құрылыс алаңын таңдау, сынау және т.б.
Сонымен қатар кодекс жобасында тозуды анықтауға, конструкциялардың сапасын тексеруге, объектіні тозған деп тануға, қайта жаңарту мүмкіндігіне бағытталған қолданыстағы объектілерді паспорттау жөніндегі нормалар көзделген.
Бұл ретте, жергілікті атқарушы органдар құрылыс объектілерінің сейсмикалық қауіптілігі мен сейсмикалық төзімділігін бағалау үшін сейсмикалық қауіпті өңірлерде паспорттауды жүргізуді қамтамасыз етуге тиіс.