Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » «МЕМЛЕКЕТТІК САТЫП АЛУДЫҢ БІРҚАТАР ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ» ТАҚЫРЫБЫНДАҒЫ СЕМИНАР-КЕҢЕС ӨТТІ

«МЕМЛЕКЕТТІК САТЫП АЛУДЫҢ БІРҚАТАР ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ» ТАҚЫРЫБЫНДАҒЫ СЕМИНАР-КЕҢЕС ӨТТІ

Шиелі ауданында Арман мәдениет үйінде мемлекеттік сатып алу саласындағы өзекті мәселелер бойынша семинар-кеңес ұйымдастырылды. Семинар-кеңесте аудан әкімінің міндетін атқарушы Алдабергенов Алмат Әбдуәзизұлы, Қызылорда облысының мемлекеттік сатып алу басқармасының тауарларды мемлекеттік сатып алу және талдау бөлімінің басшысы Аймаханов Нұрлан Ермұратұлы, сондай-ақ Қызылорда облысының ішкі мемлекеттік аудит департаментінің камералдық бақылау бөлімінің басшысы Сәдір Ержанұлы қатысты.
Семинар барысында Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңы мен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар кеңінен түсіндірілді. Баяндамышылар мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру мен өткізудегі жаңа рәсімдерге тоқталып, тәжірибеде жиі кездесетін мәселелер мен олардың шешу жолдарын атап өтті.
Кеңес отырысында :
• Қолданыстағы мемлекеттік сатып алу заңнамасына енгізілген өзгерістер және оның тиімділігі;
• Мемлекеттік сатып алу процесіндегі өзекті мәселелер;
• Мемлекеттік сатып алу саласындағы жиі кездесетін заң бұзушылықтар және оларды алдын алу жолдары қаралды
Жиын барысында қатысушылар ашық форматта пікір алмасып, мемлекеттік сатып алу саласындағы тәжірибелік сұрақтарға жауап алды.
Семинардың басты мақсаты – Заңнамалық өзгерістерді түсіндірумен қатар, мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырудағы ашықтық пен тиімділікті арттыру.

Шиелі ауданы әкімінің баспасөз қызметі
25 қыркүйек 2025 ж. 55 0