Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Әкімдерге әдістемелік семинар

Әкімдерге әдістемелік семинар

Аптаның сейсенбісінде ­«Арман» мәдениет үйінде Қазақстанда жергілікті өзін-өзі басқару реформасы жобасы аясында ұйымдастырылған және ауылдық округ әкімінің аппараты қызметкерлері үшін тәжірибелік-оқу семинары өтті. ­Аудан әкімінің орынбасары ­Болат Ысмағұловтың төрағалығымен өткен отырыста Жаңақорған, Сырдария, Шиелі аудандарына және Қызылорда қаласына қарасты кент және ауылдық округтің әкімдері бой көрсетті.
Жиын барысында Болат Ысмағұлов келген қонақтарды қарсы алып, шараның негізгі мақсатымен таныстырды.
– Бүгінгі таңда Қазақстанда жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту бойынша бірқатар саяси реформалар жүзеге асырылуда. Осындай реформалардың бірі «Жергілікті өзін-өзі басқару туралы» бөлек Заңды әзірлеу болып табылады. 2022 жылы 30 желтоқсанда заң жобасы Парламент Мәжілісінің қарауына енгізілді. Мұнда жергілікті өзін-өзі басқарудың негізгі органдары, олардың міндеттері мен өкілеттіктері, жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту бөлігіндегі мемлекеттік басқару органдарының құзыреті айқындалған. Бүгін біз заң жобасының негізгі новеллалары туралы айтып береміз, – деді ол.
Семинарда ҚР Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму бағдарламасының жобалық сарапшысы Қанатбек Зертүймеев, ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Өңірлерді талдау және жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту департаментінің басшысы Анар Байтөкенова, облыстық экономика және қаржы басқармасының Фискалдық саясат бөлімінің басшысы Ғалия Аманжолова, облыстық мемлекеттік сатып алу басқармасының мемлекеттік сатып алуды талдау бөлімінің бас маманы Марат Маханов және облыстық экономика және қаржы басқармасының мемлекеттік мүлік бөлімінің басшысы Лаура Арзықұловалар өз баяндамаларын ұсынды.
Ұйымдастырушылардың сөзінше, әкімдердің біліктілігін арттыруда бұл дәрістер келешекте өз нәтижесін беретін көрінеді. Жиын соңында бағдарламаға сәйкес сұрақ-жауапқа кезек беріліп, қызметкерлердің жұмыс барысында кездесіп жүрген мәселелері мен ұсыныстары семинар қонақтарымен бірге талқыланды.

Т.ӘЛІШЕР

06 наурыз 2023 ж. 141 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№30 (9194) (1)

16 сәуір 2024 ж.

№29 (9193)

13 сәуір 2024 ж.

№28 (9192)

09 сәуір 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930