ҚАРЖЫҒА ЖҮЙЕЛІЛІК КЕРЕК
Апта басында аудандық мәдениет үйінде облыстық тексеру комиссиясының ұйымдастыруымен қаржылық бұзушылықтардың алдын алу және қаржылық тәртіпті нығайту жөнінде семинар өтті.
Семинар-кеңеске аудан әкімінің орынбасары Б.Ысмағұлов облыстық қаржылық бақылау органдарының, аудан әкімі аппаратының, аудандық мәслихат аппаратының, дербес бөлімдердің, мекеме басшыларының және қала, кент, ауылдық округ әкімдерінің есепшілері мен қаржы жөніндегі жауапты мамандары қатысты. Мақсат – мемлекеттік және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде қаржылық бұзушылықтардың алдын алу мен қаржылық тәртіпті нығайту.

Отырыста алғаш болып сөз алған аудан әкімінің орынбасары Болат Ысмағұлов:
– Кез келген мекемеде қаржылық сауаты қалыптасқан есепші мамандар жұмыс істейді. Күнделікті жұмыс процесінде олқылықтарға жол бермеуі тиіс. Сондықтан да олардан қаржылық сауаттылық талап етіледі. Өз кезегінде сала мамандары тиімді және сапалы жұмыс жасауына бағыт-бағдар беретін бүгінгі семинардың көмегі зор. Біз қашанда сауатты әрі сапалы іс жүргізе білуіміз керек, – деді.
Аталған семинар-кеңесте күн тәртібінде тұрған 3 мәселе қаралды. Атап айтар болсақ, мемлекеттік аудитпен анықталған бұзушылықтар мен олардың алдын алу мәселелері талқыланып, мемлекеттік сатып алу заңнамасындағы өзгерістер мен мемлекеттік мекемелердің төлемдер жүргізу кезіндегі өзекті мәселелері түсіндірілді.
Семинар соңындар қатысушылар талқыланған мәселелер жөнінде ұсыныс-пікірлерін ортаға салып, сауалдарына тұшымды жауап алды.
«Өскен өңір» ақпарат