«Қаржылық сауаттылық клубы» ашылды
Елбасымыздың жыл сайынғы жолдауы өз жаңалықтарымен, құнды ұсыныстарымен еліміздің өркендеуіне, жаңғыруына негіз болатын салмақты тұжырымдармен ерекшеленеді.
Жолдауда көрсетілген басым бағыттарды іске асыру барысында – банк секторының қайта жаңғыртылуын есепке алу. Мемлекет басшысы халыққа қаржылық қызмет қалай көрсетіліп жатқанына бүгінгі таңда маңыз беру керек екендігін аңғартты. Сонымен бірге қарапайым азаматтардың қажеттілігі үшін несиелік бағдарламаларды кеңейтуді тапсырды. Осы орайда Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында кәсіп ашудың әліппесін, ақшаны басқарудың жо¬лын үйрететін қаржылық сауаттылықты арттыруға арналған «Қаржылық сауаттылық клубы» ашылып, қатысушыларға мемлекет басшысының саяси құжаттағы қойған 10 маңызды міндеті туралы айтылды.
Клубтың мақсаты — шағын және орта бизнес өкілдері мен зейнеткерлерге, жастар мен жұмысшы азаматтарға қаржылық сауаттылық тұрғысында тегін ақыл-кеңестер беру. Яғни азаматтарды несие алу мен өзге де қаржылық операциялар барысында қателіктерден сақтандыру.
Игілікті шараның ашылуына келген, халықтың қаржылық сауатын арттыру бойынша ҚР Ұлттық банкінің Қызылорда филиалының «Қаржы қызметін тұтынушылардың құқығын қорғау» бөлімінің басшысы З.Абдилатипқызы, «Атамекен» Қызылорда облыстық кәсіпкерлер палатасының маманы М.Қасымханқызы, Қызылорда облысы «Даму» Кәсіпкерлікті дамыту қоры аймақтық филиалының бас менеджері Г.Алматқызы, «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкісі» АҚ облыстық филиалының бизнесті дамыту бөлімінің басшысы Б.Айтбайқызы, Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің аға оқытушысы Е.Жалғасұлы және облыс орталығындағы екінші деңгейлі банк өкілдері қатысып, Елбасы Жолдауын бірауыздан қолдап, отбасылық қаржыны басқару, жеке қаражатты тиімді түрде жоспарлау және несиелердің түрлері мен шарттары қаржылық қызметтерді сақтандырудың қыр-сыры туралы ақпараттар берді.
Kaspi Bank-тің қызметкерлері «Kaspi Gold — Kaspi Bank-тің» үздік картасы, Kaspi.kz-тің мобильді қосымшасы туралы презентация жасады.
Шара барысында қатысушылар «Қаржылық сауаттылық-табыс жолы» атты кітап көрмесімен танысты.