Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Сатып алудағы өзгерістер

Сатып алудағы өзгерістер


Биылдан бастап мемлекеттік сатып алу саласында біршама өзгерістер қолданысқа енді. Бір көзден сатып алудың шекті сомасы көбейтілді. Сатып алу қорытындысымен келіспегендер бұрынғыдай қалағанынша шағымдана алмайтын болды. Мемлекеттік сатып алу порталында сатып алуға қатысатын кәсіпкерлер веб-портал қызметі үшін ақы төлейді. Сонымен қатар, 1 200 000 теңгеге дейін бір көзден алуға болады.
Заңдағы өзгерістерді егжей-тегжейлі түсіндіру мақсатында ауданға облыс орталығынан арнайы мамандар келді. Мемлекеттік басқару басқармасы бастығының орынбасары Ержан Оңал мен облыстық ішкі мемлекеттік аудит департаментінің бөлім басшысы Майра Өмірбаева келіп, кент және ауыл әкімдеріне, дербес бөлімдер мен түрлі мекеме басшыларына мемлекеттік сатып алу туралы заңдағы жаңа өзгерістер жайлы кеңінен мағлұмат берді. Жиынды аудан әкімінің орынбасары Болат Ысмағұлов жүргізіп отырды. Қатысушылар жұмыс барысында кездесетін кедергілер мен шешімін таба алмай жүрген сұрақтарын қойып, тұшымды жауаптарын алды.

Г.ЯХИЯ.
06 ақпан 2019 ж. 1 413 0

Қоғам

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (9359)

02 желтоқсан 2025 ж.

№91 (9358)

01 желтоқсан 2025 ж.

№90 (9357)

25 қараша 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031