Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Жер заңнамасына өзгертулер енгізілді

Жер заңнамасына өзгертулер енгізілді

Жер заңнамасын жетілдіру үшін үстіміздегі жылдың 4 мамырында ҚР Жер кодексіне түзетулер енгізілген болатын. Ондағы басты мақсаттың бірі –жерді пайдалану барысында мемлекеттік бақылауды күшейту болатын. ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі мен «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының қатысуымен «ҚР Жер кодексіне енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды түсіндіру туралы» кеңес өткізілді.
Осы мәселе төңірегінде аудандық мәдениет үйінде аудан әкімі Ә.Оразбекұлының қатысуымен жиын болып өтті. Жиында аудан әкімінің орынбасарлары, дербес бөлім мен мекеме басшылары, кент және ауылдық округ әкімдері, кәсіпорын басшылары, жеке кәсіпкерлер қатысты.
Алқалы кеңесте аймаққа жер заңнамасына енгізілген өзгерістер бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында келген ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі жер ресурстарын басқару комитеті төрағасының орынбасары Гүлжахан Бимендина ауыл шаруашылығы жер учаскелерін жалға беру институттарын сақтау және жетілдіру, жалға берілетін ауыл шаруашылығы жер учаскелерінің жоғары мөлшерін белгілеу, шекаралық аймақтарда ауыл шаруашылығы жерлерін беру тәртібін күшейту, жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелерін мемлекет мұқтажына алынатын ерекше жағдайлардың қатарына жатқызу мәселелері төңірегінде баяндама оқыды. Сондай-ақ, аталмыш комитеттің жер қатынастарын және жерге орналастыруды дамыту басқармасы басшысы Жанар Қаражанова жер заңнамасына енгізілген жер комиссиясының жұмысы, құзіреті, өкілеттігі, құрамы туралы ақпараттандырды.
Осы ретте, Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасының директоры Ғалымбек Жақсылықов кәсіпкерлер үшін жер мәселелері бойынша атқарылатын жұмыстар барысы туралы баяндама жасады. Сонымен қатар, аймақ басшысының бастамасымен биылғы жыл кәсіпкерлікті қолдау жылы болғандықтан, мемлекеттік корпорациясы мен кәсіпкерлік палатасы арасындағы меморандум барысында бизнес өкілдеріне мемлекеттік қызметтерді алу бойынша қолайлы жағдайлар жасалып жатқаны да тілге тиек етілді. Атап айтқанда, кәсіпкерлердің шығынын, уақытын үнемдеу мақсатында мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімі 30 күннен 5 жұмыс күніне дейін қысқартылған. Сондай-ақ, алдағы уақытта ауыл шаруашылық жерлерін пайдалану бойынша үздіксіз мониторинг жүргізу жұмыстары жүргізілмек.
Жұлдызай НҰРҒАЛИЕВА.
12 маусым 2018 ж. 1 410 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№79 (9243)

07 қазан 2024 ж.

№78 (9242)

01 қазан 2024 ж.

№77 (9241)

28 қыркүйек 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031