Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » СОТСЫЗ ТАТУЛАСУ ОРТАЛЫҒЫ

СОТСЫЗ ТАТУЛАСУ ОРТАЛЫҒЫ



Өткен аптада аудан әкімдігінде дербес бөлім басшылары, кент, ауылдық округ әкімдері мен мекеме басшыларының қатысуымен сотсыз татуласу тұжырымдамасын қалыптастыру туралы кеңейтілген мәжіліс отырысы өтті.
Мемлекет басшысы Н.Назарбаев «100 нақты қадам» Ұлт жоспары, «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында Қазақстан азаматтарының мемлекет­тік қызметтерді бір жерден алуы және қоғамдық сананы, ұлттық болмысты рухани жаңғырта отырып, заманға лайықты болуы керектігіне тоқталған болатын. Сонымен бірге, Елбасының «Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа сая­си бағыты» Жолдауында соттардың жұмысын жеңілдету мақсатында дау­ларды соттардан тыс реттеу инс­титуттарын дамытуды жалғастыру, ұсақ-түйек мәселелер бойынша дауларды шешу соттардан тыс тәртіппен жүргізілетіндей тетіктер қарастыру жөнінде нақты тапсырмалар берген еді.
Осыған орай, Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотымен қоғамдағы даукестік деңгейін төмендету, дауларды сотсыз шешу институттарын дамыту, халыққа түсіндіру жұмыстарын жүргізу үшін «Сотсыз татуласу орталығын» құру жобасы ұсынылып отыр.
Елбасының Қазақстан халқына дәстүрлі Жолдауынан туындайтын міндеттерді айқындау мақсатында Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының төрағасы Ж.Асановтың маңызды ұсынысымен төраға кеңесшісі С.Сағатбек пен «Нұр Отан» партия­сы Қызылорда облыстық филиалы төрағасының орынбасары Е.Байтілес арнайы жиынға қатысты.
Жиын барысында Сағатбек Болатбекұлы Елбасының Жолдауынан туындаған өзекті мәселелерге тоқталды. Алға қойған міндеттер мен оны жүзеге асыратын жоспарларымен бөлісті. Қатысушылардың ұсыныстарын тыңдап, пікір де алысты.

27 ақпан 2018 ж. 1 917 0