АЙМАҚТАРҒА 22,3 МЛРД ТЕҢГЕГЕ ТЕГІН ДӘРІ-ДӘРМЕКТЕР ЖІБЕРІЛДІ
Амбулаториялық деңгейде тегін дәрілермен қамтамасыз ету үшін елімізде 404 медициналық ұйымға дәрілер мен медициналық бұйымдар келіп түсті.
Сегіз аймақта – БҚО, ОҚО, Қостанай, Жамбыл, Ақмола, Маңғыстау, Қызылорда және Ақтөбе облыстарында дәрілік заттарды есепке алу және өткізу қызметтері сатып алынған жеке меншік дәріханалық желілер арқылы, ал қалған сегіз – Алматы, Астана, Алматы, Атырау, Қарағанды, Павлодар облыстарында, сондай-ақ ШҚО және СҚО-да дәрілер емханалардағы дәріханалар арқылы босатылады. Бұл аймақтарда дәрілерді есепке алу және өткізу қызметтерін сатып алуға үнемделген ақша қаражаты қосымша дәрі-дәрмектер сатып алуға бағытталатын болады. Бұл туралы министрліктің баспасөз қызметі мәлім етті.
Қазіргі уақытта ең көп дәрілер Алматы қаласына және Қарағанды облысына келіп түсті 2,3 млрд теңгеден. 1,9 млрд теңгеден сәл асатын сомаға дәрілер ШҚО-ға және бұл сомадан сәл аз сомаға Астанаға келіп түсті. Үш айда 1,9 млрд теңге сомасына дәрімен қамтамасыз етілген Алматы облысы ең көп дәрі көлемін алған аймақтардың қатарында.
Ағымдағы жағдай бойынша қазақстандықтарды амбулаториялық деңгейде дәрімен қамтамасыз ету үшін тізімдегі 494 дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың 430 атауы сатып алынды. Жалпы, Бірыңғай дистрибьютордың тізімі бойынша амбулаториялық және стационарлық деңгейде дәрімен қамтамасыз ету үшін 1040 атауы сатып алынған, ол жалпы қажеттіліктің 95 пайызын құрайды. Сатып алынбаған препараттар бойынша тендер жарияланып, өтінімдері бар конверттерді ашу 28 наурызда өткізілді, сәуірде қорытындысы шығарылады.
Құрамында есірткі құралдары мен психотроптық заттар бар дәрілік заттарды сатып алу мәселесі бұрынғыдай проблема туындатып отыр. Мұндай дәрілік заттарды сатып алу Үкіметтің 2018 жылға арналған Есірткі құралдарына, психотроптық заттарға және прекурсорларға мемлекеттік квотаны бекітуіне тікелей тәуелді екенін атап өту қажет. Мемлекеттік квота – оның шегінде Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес лицензиялары бар заңды тұлғалар олардың айналымы жүзеге асыратын қажеттіліктің есебі. ІІМ деректеріне сәйкес, 2018 жылға арналған есірткі құралдарына мемлекеттік квотаны бекіту жөніндегі қаулының жобасы 2018 жылғы 20 наурызда ҚР Үкіметіне енгізілген.
Құрамында есірткі құралдары және психотроптық заттар бар дәрілік заттарды Бірыңғай дистрибьютор жеткізуді, сақтауды, есепке алуды және өткізуді қамтитын фармацевтикалық қызмет арқылы сатып алады. Бұл қызметті көрсету үшін әлеуетті өнім берушілерге арнайы лицензияның, дәрілік заттарды ерекше сақтау, тасымалдау және босату жағдайларының болуы секілді айрықша талаптар қойылады. Әлеуетті өнім берушілердің бәрі бірдей бұл талаптарға сәйкес келе бермейді, Бірыңғай дистрибьютор қызметті сатып алуға арналған рәсімдерді тоғыз рет жариялады. Қазіргі уақытта фармацевтикалық қызмет 8 аймақта сатып алынды.
Еркін ҚАЛДАН