Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » МЕМЛЕКЕТТІК САТЫП АЛУ САЛАСЫНДА ЖАҢА ЗАҢ ЖОБАСЫ ҚАБЫЛДАНДЫ

МЕМЛЕКЕТТІК САТЫП АЛУ САЛАСЫНДА ЖАҢА ЗАҢ ЖОБАСЫ ҚАБЫЛДАНДЫ

Мемлекет Басшысы Қазақстан халқына Жолдауында Үкіметке «Мемлекеттік сатып алу туралы» жаңа заң қабылдауды және мемлекеттік және квазимемлекеттік сатып алуды бірыңғай платформаға көшіруді тапсырған болатын. Қаржы министрлігімен әзірленген Заң жобасы Парламент Мәжілісі және Сенатымен мақұлданып, 2024 жылдың 1 шілдесінде қабылданды.

-Жаңа Заң сатып алу процесінің рәсімдерін оңтайландыруды, сатып алынатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің сапасын жақсартуды, мемлекеттік сатып алуға қатысушылардың жауапкершілігін күшейтуді және бәсекелестікті дамытуды көздейді. Жаңа заң 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді, - деді Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз қызметіне берген ақпаратында облыстық мемлекеттік сатып алу басқармасының басшысы Бауыржан Шәменов. Айта кетейік, қараша айынан бастап Жаңа заңның нормаларын түсіндіру мақсатында барлық аудандардың тапсырыс берушілері үшін облыстық мемлекеттік сатып алу басқармасы тарапынан семинар-кеңестер ұйымдастырылуда.
Фото: BAQ.KZ
15 қараша 2024 ж. 159 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

№91 (9255)

16 қараша 2024 ж.

№90 (9254)

12 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930