КӨРКЕЙГЕН ӨҢІР – КЕЛІСТІ ӨМІР

Аудан орталығы – Шиелі кентінің бірнеше көшесі мен қоғамдық орындары жаңғыртылып, заманауи талаптарға сай инфрақұрылыммен қамтамасыз етілуде. Мәселен, Дәулеткерей көшесінде ұзындығы 480 метр болатын жол бойы абаттандырылып, жаяу жүргіншілер жолы, тас төсемелер және түнгі жарық шамдары орнатылды. Сонымен қатар Көкшоқыдағы И.Әбдікәрімов көшесіндегі «Руханият орталығы» ауласында аллея салынды. Мұнда субұрқақ, жарық шамдары, орындықтар мен көгалдандыру элементтері орнатылып, демалыс аумағына айналдырылды.
Абаттандыру – сән мен жүйе
Елді мекеннің көркеюі мен халықтың өмір сүру сапасын арттыру – мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі.
Елді мекеннің көркеюі мен халықтың өмір сүру сапасын арттыру – мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі.
Күнделікті кенті ішінде жүретін жандар байқаған болар, қазір тәулігіне екі рет жолдарға су себу жұмыстары жүргізіліп жүр. Сондай-ақ кент ішін күл-қоқыстан тазартып, арамшөптерді жұлу да қарқынды бүгінде. Бұрынғы таудай болып үйіліп жатқан қоқыс, бей-берекет шашылған ауланы кезіктіру қиын. Тұрғындарға да өзі тұрып жатқан аумақты күтіп ұстау талап етіледі. Орындалмаған жағдайда жауаптылар жеке адамдарға тиесілі ауланы өздері әктеп, сырлап, қажет болса талдарының артық бұтақтарын шабуға мәжбүр. Әрине айналып келгенде барлығы кенттің көз тартар келбеті үшін жасалатын дүние. Осындайда тазалық әкімдікке емес, әркімге керек екенін ұқсақ қой деп қиялдайсың.
Көпқабатты үйлердің келбеті жаңаруда
Өткен жылы 8 көпқабатты тұрғын үйдің қасбеті жаңартылса, биыл 3 үйдің қасбеті қапталып жатыр. Бұған қоса, қосымша 6 үйдің сыртқы қабырғасын жөндеуге қажетті қаржыны тарту бағытында жұмыстар жүргізілуде.

Одан бөлек кент көшелеріне 2х3 көлемінде 7 дана билборд тұғыры орнатылып, бұл мақсатқа 10 млн 252 мың теңге қаралды. Сонымен қатар 178 дана көше атауы белгілері жаңартылып, орнату жұмыстарына 6 млн 700 мың теңге жұмсалды.
Автожол инфрақұрылымы жаңартылуда
З.Жайлыбаев және Д.Смайлов көшелерінің 2,9 км автожолына күрделі жөндеу жұмыстары жүрізіліп жатыр. Жобаға 544 млн 708 мың теңге бөлінген. Сонымен қатар кенттегі 20-дан астам көшеге орташа жөндеу жұмыстары басталды.

А.Яссауи мен Тәуелсіздік көшелерінің қиылысында орналасқан «Азаматтарға арналған үкімет» мекемесі маңында жаңа бағдаршамдар орнатылып, көше қиылыстары заманауи үлгіде жаңартылды.
«Денсаулық аллеясы» – тұрғындар игілігіне
Жүргенов көшесі бойындағы ел «ескі парк» атап кеткен аумақ бұрын шынымен де тұрғындардың демалып, серуендейтін саябағы болатын. Кейін түрлі себептермен күтім жасалмай, арамшөп басқан адам баспайтын жерге айналды. Соңғы жылдары саябақты қалпына келтіру жөнінде әлсін-әлсін мәселе көтеріліп жүргені де халықтың назарында. Сол айтылған сөздің іске асатын күні туды. Аудан әкімдігінің бастамасымен «ескі парктің» орнына 60 млн теңгеге «Денсаулық аллеясы» салынып жатыр. Алдағы уақытта бұл – халықтың серуендеп, спортпен айналысуына арналған жаңа демалыс орны болмақ.

Инженерлік жүйелер де ұмыт қалмаған
Айта кетейік, Дәулеткерей көшесіндегі тозығы жеткен канализация жүйесі толық ауыстырылып, жаңа құбырлар орнатылып жатыр.
Айта кетейік, Дәулеткерей көшесіндегі тозығы жеткен канализация жүйесі толық ауыстырылып, жаңа құбырлар орнатылып жатыр.
Жалпы аудан бойынша сенбіліктер, көше тазалау, күл-қоқыс жинау жұмыстары тұрақты негізде жүргізілуде. Коммуналдық қызметтер мен еріктілер бірлесе отырып, көктем және күз мезгілінде жалпыхалықтық тазалық айлығы ұйымдастырылып, көше бойлары мен арықтар аршылып, шөптердің шабылуы бүгінгінің күн тәртібіндегі шаруа.
Бұл жұмыстардың барлығы Шиелі кентін гүлдендіруге, тұрғындардың өмір сапасын арттыруға бағытталған жүйелі қадамдар екені сөзсіз.
Тазалық пен абаттандыру бағытындағы жүйелі жұмыстар – аудан тұрғындарының әл-ауқатын арттыруға, жайлы өмір сүру ортасын қалыптастыруға бағытталған маңызды қадам. Мұның барлығы – халық пен биліктің ортақ еңбегінің нәтижесі.
Елдің еңсесі көтеріліп, тұрмыстық жағдайының біршама жақсарғанын күн санап көркейген кент келбетінен аңғаруға болады. Иә, ауданның бүгінгі бет-бейнесі – жүйелі жоспар мен нақты істердің жемісі. Алдағы уақытта да бұл бағыттағы жұмыстар өз жалғасын табады.
Гүлхан СӘБИТҚЫЗЫ