
Аудан әкімі Айтбай Жандарбеков аудан ардагерлерімен бірге Шиелі кентіндегі абаттандыру жұмыстары жүргізіліп жатқан Ы.Жахаев және Дәулеткерей көшелерін аралап, орындалған жұмыстардың жай-күйімен танысты. Көшелерде жаяу жүргіншілер жолдары салынған, көгалдандыру мен жарықтандыру жұмыстары жүргізілген. Сонымен қатар, сапалы әрі заманауи үлгіде қоршаулар орнатылуда.Заманауи үлгідегі сапалы қоршаулар көшенің көркін ашып, жаңа кейіпке ендіруде. Аудан ардагерлері жасалып жатқан жұмыстарға оң бағасын беріп, тұрғындарға жайлы жағдай жасау жолындағы бұл игі істердің маңыздылығын атап өтті. Сондай-ақ, аудан басшысына алғысын білдіріп, жұмыстың сапалы әрі жүйелі жүргізіле беруіне тілектестік танытты.
@Шиелі ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі.