Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » АУДАН ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ӨТІНІШТЕРІН ТЫҢДАДЫ

АУДАН ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ӨТІНІШТЕРІН ТЫҢДАДЫ

Кеше аудан әкімінің орынбасары Ысмағұлов Болатбек Әбдулхайысұлы азаматтардың жеке мәселелері бойынша қоғамдық қабылдау өткізді.
Қоғамдық қабылдауға жазылған аудан тұрғындары тұрақты жұмысқа орналасу, тұрғын үй кезегіне тұру, жер телімін заңдастыру және көпбалалы, жалғызбасты ана тұрғын үй мәселесі бойынша өтініштерін білдірді.
Қабылдау барысында тұрғындардың өтініштері тыңдалып, аудан әкімінің орынбасары сала басшыларын шақыртып тиісті тапсырмаларын берді. Берілген өтініштер заң аясында қаралып, тиісті жұмыстар жүргізілетін болады.
11 маусым 2025 ж. 238 0