ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ НҰРЫМБЕТ САҚТАҒАНОВ ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУ ӨТКІЗДІ
Мемлекет басшысының тұжырымдамасын жүзеге асыру бағытында және облыс әкімінің арнайы тапсырмасына сәйкес Б.Қабылұлы атындағы аудандық мәдениет үйінің кіші залында облыс әкімінің орынбасары Нұрымбет Сақтағанов пен құқық қорғау органдарының басшылары құқық бұзушылықтардың алдын алу мен қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету және тағы да басқа мәселелер бойынша аудан тұрғындарына қабылдау өткізді.
Облыс әкімінің орынбасары Нұрымбет Аманұлы және аудан әкімі Нұржан Сәбитұлы, құқық қорғау органдарының басшылары тарапынан тиісті қолданыстағы заңдылықтармен түсіндірме берілді. Көтерілген мәселелердің шешілу жолдары ұсынылды. Тиісінше құқықтық кеңестер айтылды. Әрбір мәселе бойынша жеке-жеке тоқталып, тиісті жазбаша жауап берілетіндігі жеткізілді.
«Өскен өңір» ақпарат