Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ НҰРЫМБЕТ САҚТАҒАНОВ ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУ ӨТКІЗДІ

ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ НҰРЫМБЕТ САҚТАҒАНОВ ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУ ӨТКІЗДІ

Мемлекет басшысының тұжырымдамасын жүзеге асыру бағытында және облыс әкімінің арнайы тапсырмасына сәйкес, Шиелі ауданындағы Б.Қабылұлы атындағы аудандық мәдениет үйінің кіші залында облыс әкімінің орынбасары Нұрымбет Аманұлы Сақтағанов пен құқық қорғау органдарының басшылары құқық бұзушылықтардың алдын алу мен қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету және тағы да басқа мәселелер бойынша аудан тұрғындарына қабылдау өткізді.

Облыс әкімінің орынбасары Нұрымбет Аманұлы және аудан әкімі Нұржан Сәбитұлы, құқық қорғау органдарының басшылары тарапынан тиісті қолданыстағы заңдылықтармен түсіндірме берілді. Көтерілген мәселелердің шешілу жолдарын ұсынып, құқықтық кеңестер айтылды. Әрбір мәселе бойынша жеке-жеке тоқталып, тиісті жазбаша жауап берілетіндігі жеткізілді.


19 қыркүйек 2022 ж. 894 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№80 (9347)

21 қазан 2025 ж.

№79 (9346)

18 қазан 2025 ж.

№78 (9345)

14 қазан 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031