Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » ШИЕЛІ АУДАНЫНДА ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНЫҢ БІРЛІГІ КҮНІ КЕҢ КӨЛЕМДЕ ТОЙЛАНДЫ

ШИЕЛІ АУДАНЫНДА ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНЫҢ БІРЛІГІ КҮНІ КЕҢ КӨЛЕМДЕ ТОЙЛАНДЫ

1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні Шиелі ауданында ерекше сән-салтанатпен аталып өтті.
Мерекелік шаралар аясында этнос өкілдерінің тағам және мәдениет көрмесі ұйымдастырылды. Аудан әкімі Айтбай Жандарбеков көрмемен танысып, түрлі этнос өкілдерінің өнерін тамашалады.
Салтанатты жиында аудан әкімі Айтбай Жандарбеков аудан тұрғындарын 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесімен құттықтап, еліміздегі бейбітшілік пен татулықтың маңыздылығын атап өтті.
Сонымен қатар аудан басшысы ел бірлігін сақтау мен қоғамдық келісімді нығайтуда Қазақстан халқы Ассамблеясының рөлі зор екенін атап өтіп, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың: «Бейбітшілік пен келісім – біздің басты құндылығымыз. Бұл – Қазақстанды алға бастайтын қуатты күш» деген сөзін мысалға келтірді.
Мерекелік шара одан әрі театрландырылған қойылыммен жалғасып, сахнада жергілікті өнерпаздар мен түрлі ұлт өкілдерінің ұлттық биі мен әндерімен өрнектелген концерттік бағдарлама ұсынылды.
Бұл күн аудан тұрғындарына ерекше мерекелік көңіл күй сыйлап, бірлік пен ынтымақтың маңызын тағы бір мәрте еске салды.

Шиелі ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі
01 мамыр 2025 ж. 370 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№70 (9337)

16 қыркүйек 2025 ж.

№69 (9336)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (9335)

09 қыркүйек 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930