ҚЫЛМЫСТЫҢ АЛДЫН АЛУ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚТЫҚ ТӘРТІПТІ НЫҒАЙТУ ЖЫЛЫ

- Облыс көлемінде «Қауіпсіз аймақ» жедел профилактикалық іс-шарасы тұрақты түрде ұдайы ұйымдастырылып келеді. Есепті мерзімде облыс көлемінде құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу бағытында жүргізілген профилактикалық жұмыстардың нәтижесінде бұрын сотталғандармен жасалған қылмыстар 7,9 пайызға, оның ішінде соттылығы жойылмағандармен 20 пайызға, рецидивпен 50 пайызға, топпен жасалған қылмыстар 22,2 пайызға төмендеді. Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында «мүлдем төзбеушілік» қағидаты негізінде 4977 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Сондай-ақ, облыс көлемінде жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтың алдын-алу, олардың арасында қылмысқа жол бермеу мақсатында «Түнгі қаладағы балалар» жедел профилактикалық іс-шарасы өткізілді. Былтырғы жылмен салыстырғанда жол-көлік оқиғалары төмендеп, жол – көлік оқиғаларының алдын алу бағытында атқарылып жатқан жұмыстардың тиімділігін көруге болады. Жол апатына әсер ететін құқық бұзушылықтарды анықтауға басымдық беріліп, бұл бағыттағы жұмыстар күшейтілуде. Осы ретте 18 ақпаннан бастап облыс көлемінде «Қауіпсіз жол» іс-шарасы өткізілмек. Ол 21 ақпанға дейін жалғасады,-деді Ердәулет Баянбайұлы.