Жарқыра, шырша шамдары
Санаулы күндерден соң жаңа 2025 жыл төрімізге енгелі отыр. Ал жылыстап бара жатқан ескі жылда айтарлықтай айшықты жаңалықтар жетерлік болды. Өтіп бара жатқан жылда аудан экономикасының барлық саласында тұрақты өсім қалыптасып, даму көрсеткіштері де ілгеріледі.
Иә, тарих қойнауына тағы бір жылды тапсырып, Жаңа жылдың қарсаңында тұрмыз. Ал Жаңа жыл – көпшілік асыға күтетін, таңғажайып әрі ең көңілді отбасылық мерекелердің бірі. Мереке қарсаңында жаңа жылдың шырайын келтіріп, келбетін айшықтай түсетін жасыл шыршаның орнатылуын жұртшылық асыға күтетіні рас. Себебі ауданның бас шыршасының шамын жағу – жаңажылдық мерекеге деген дайындықтың белгісі.

Осындай қызықты да, көңілді мерекені қарсы алу рәсімі ауданда дәстүрге айналып, 20 желтоқсанда шиеліліктер М.Шоқай атындағы орталық алаңда ауданның бас шыршасының шамын жағу рәсіміне куә болды.
Салтанатты рәсімде аудан әкімі А.Жандарбеков жұртшылықты табалдырықтан енгелі отырған жаңа жылан жылымен құттықтап, жылы лебізін білдірді.
– Бүгiн баршамыз орталық алаңның сәнін кіргізіп тұрған шыршаның отын жағып, мерекелiк шараларды бастауға жиналып отырмыз. Жаңа жыл – бәріміз ақ пейілмен асыға күтетін, қуанышқа толы ең жайдары, келер күнге мол сенім артатын ерекше мереке. Өздеріңіз куә болғандай, ғасыр жылнамасына енгелі тұрған 2024 жыл өзінің толағай табысы мен ырзық несібесін сыйлады. Санаулы күндерден соң жаңа 2025 жыл төрімізге енгелі отыр. Ал жылыстап бара жатқан ұлу жылында айтарлықтай айшықты жаңалықтар жетерліктей болды.
Жалпы Жаңа жыл мерекесi –атқарған жұмысты қорытындылап, жаңа жоспар құратын кезең. Мен алдағы жылға да жоспарларымыздың үлкен екенiн айтқым келедi, – деді.
Жұма күнінің кешінде еңкейген қариядан, еңбектеген балаға дейін орталық алаңға жиналыпты. Сондай-ақ бұл күні мерекенің басты қонақтары Аяз Ата мен Қар қызы да болды. Жұртшылықтың жүзінен мерекелік көтеріңкі көңіл-күйді аңғаруға болады.
Г.Дүйсебай