Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » ТҰРҒЫНДАРҒА ТОСЫНСЫЙ

ТҰРҒЫНДАРҒА ТОСЫНСЫЙ

Шиеліліктер жаңа жылдық мерекеге әзірлікті бастады. Биыл киелі мекеннің тұрғындары 12 метрлік бас шыршаны тамашалайды. Жаңа жылдан ғажайып тосатын ауданның кішкентай бүлдіршіндері де бұл мерекеден қалыс қалмайды.
Жаңа жылдық мейрамда өткен жылдағыдай орталық алаң ерекше безендіріледі. Дегенмен, биылғы мерекені сәндеу үлгісі бұрынғыдан өзгерек. Биіктігі 12 метрлік шырша жыл сайынғы дәстүр бойынша орталық алаңда қазір безендірілу үстінде. Ол жарық шамдармен, түрлі түсті шармен, жылтырақтармен әрленген.
Орталық алаңның қақ ортасынан орын алған шыршаның маңайы жарқын күлкі мен әзіл, ән мен бидің алаңына айналмақ. Шырша шамын жағу салтанаты 26 желтоқсан күні аудан әкімі Нұржан Ахатовтың қатысуымен өтпек. Шырша шамын жағу кешінде мерекелік концерт те ұйымдастырылады. Бұл жиын аясында викториналық сұрақтар қойылып, жаңа жылдық әндер шырқалмақ.

Өз тілшімізден
25 желтоқсан 2023 ж. 95 0