Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Кәсіп ашам десеңіз...

Кәсіп ашам десеңіз...



Тамақ өнімде­рі ішіндегі көшбасшы­лардың бірі болып нан пісіру саласы саналады. Оның өнімі ең керекті және оған деген сұраныс әрдайым жоғары болып табылады. Басты нан шығарушылар – үлкен нан зауыттары мен комбинаттар. Кішігірім нан пісіретін наубайханалар стандартты ақ нан мен қара нан өндірісі бойынша үлкен зауыттармен бәсекелесе алмайды, бірақ олардың сирек кездесетін нан түрлерін (мысалы, диеталық, ұлттық, эксклюзивті және т.б. нандар) пісіру бойынша нарықтан орын алып, жақсы табыс табуы әбден мүмкін, себебі олар кішкентай болғандықтан өте мобильді.
Бизнесті ұйымдастырудағы келесі кезең – құрал-жабдықтар алу. Кішігірім наубайхана үшін мыналар қажет: конвекционды пеш (бағасы 100 000 теңгеден жоғары), шкаф (70 000 теңгеден жоғары), дайын өнімдерді қоятын жылы сөрелер (40 000 теңгеден жоғары), тот баспайтын болат противиньдер (1500 теңгеден жоғары), мұздатқыш ларь (шамамен 75 000 теңге). Құрал-жабдықтарды кәсіби технологтар орнатады.
Болжамды есептеулер.
Шығыстар:
– 50м² ғимаратты жалға алу – ай сайын 115 000 теңге.
– құрал-жабдықтарды сатып алу – 320 000 теңге.
– шикізат – 100 000 теңге.
Барлығы: 535 000 теңге.
Табыс:
Қарапайым нанның өзіндік құны 36 теңгені құрайды, ал сатылу бағасы (сату аймағына байланысты) 60 теңге. Орташа есеппен күніне кем дегенде 400 нан сатуға болады (сату аймағына байланысты), ал бұл күніне 24000 теңгені құрайды.

Әзірлеген Г.НҮРЕКЕЕВА.
30 мамыр 2018 ж. 2 533 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

№91 (9255)

16 қараша 2024 ж.

№90 (9254)

12 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930