Нәрестеге сәтті ота жасалды

Ота бригадасы:
• Неонатальды хирург – Маханбетияров Болат Үмбетұлы
• Көмекші хирург – Нүсіпқожаев Серік Кеңесұлы
• Балалар анестезиологы – Самсонов Игорь Михайлович
• Неонатолог – Алтынбекова Мереке Жаңабаевна
• Ота жасау мейіргері – Жапанова Сауле Сериковна
Білікті мамандардың еңбегінің арқасында баланың денсаулығы қалпына келіп, толық ем алуына мүмкіндік берілді.
Туа болған жедел ішек өткізбеушілігі (мальротация) – ішектің қалыпты айналуы мен бекіну процесінің бұзылуына байланысты туындайтын патологиялық жағдай. Бұл туа біткен ақау ішектің дұрыс орналаспауы және ішек ілмектерінің дұрыс емес бағытта айналуымен сипатталады. Мальротация кезінде ішек айналасында қан тамырларының қысылуы немесе бұралуы ішекке қан айналымының бұзылуына және оның өткізгіштігінің бұзылуына әкелуі мүмкін. Бұл жағдайды дер кезінде емдеу қажет, себебі ол ішек некрозына немесе перитонитке әкелуі мүмкін.
Қызылорда облыстық перинаталдық орталығы
Фото: перинаталдық орталығы