Жұқпалы жедел ішек ауруының алдын алу шаралары!
Жұқпалы жедел ішек инфекциясы-бұл бактериялар, вирустар, қарапайымдылар тудыратын және балалар мен ересек адамдарда ішек қызметінің бұзылуымен (дираея) сипатталатын жұқпалы ауру. Жұқпалы жедел ішек ауруларының бас көтеретін мезгілі қазіргідей жаз айлары болып есептеледі. Бұл ішектің ауруға шалдығуынан, кейде ішектің бұзылуы, организмнің кейбір тағамдары қорыта алмауымен байланысты.
Инфекция ауыз рқылы жұғып, қоздырғышы ішекті өсіп жетіледі де, микробтары нәжіспен сыртқы ортаға түсіп тарайды. Инфекция тазалықтың төмен дәрежеде болуынан, азық-түліктерден, яғни жуылмаған көкөністер, пісірілмеген сүт, сапасыз шала пісірілген тағамдарды қолдану, сондай ақ, ауыз суды қайнатпай ішу, лас суға түскенде жұғуы мүмкін.
Жаз айларында инфекцияны көп жағдайда шыбындар таратады.
Аурудың алғашқы белгілері: Ішектің жиі су сияқты өтуі, дене қызуының көтерілуі, емшектен бас тарту, асқа тәбеті болмау, шөлдеу, құсу, бас ауру, жалпы әлсіздік, селқостық, мазасыздық, ауырсыну, дәретінде қан қоспасының немесе кілегейдің пайда болуы.
Алдын алу шаралары: Ішек инфекциялары – кір қолдың ауруы. Оның алдын алу үшін жеміс жидектер мен көкөністерді ағынды су астында жақсылап жуғаннан кейін пайдаланыңыз. Жұмыртқаны шикі немесе шала қайнатылған күйінде қолданбаңыз. Дайын тамақты пайдалану кезінде оның иісіне, дәміне, мән беріп, тез бұзылатын тағам өнімдерін тоңазытқышқа сақтау керек. Арнайы көрсетілген жерлерде шомылу, суды тұтынар алдында қайнату немесе бөтелкедегі суды ішіңіз. Балалар тамақтанар алдында қолды жақсылап сабындап жуу керектігін түсіндіру. Кей жағдайларда ауру өте ауыр түрде өтіп, өмірге қауіп тудыруы мүмкін. Сол себепті, өткір ішек жұқпаларының жоғарыда көрсетілген белгілерінің бірі Сізде немесе жанұя мүшелерінде байқалса тез арада дәрәгерлік көмекке жүгінгеніңіз дұрыс.
З.Бекжанова
Шиелі аудандық СЭББ жекекші маманы
Шиелі аудандық СЭББ жекекші маманы