Құрылтай
Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Дертті тілге қарап анықтауға болады

Дертті тілге қарап анықтауға болады


Тілге қарап ағзаңыздың қалпын анықтауға болады. Сау адамның тілі қызғылт, болар-болмас ақ қатпарлы болып келеді.

Ал тілдегі патологиялық өзгерістер мыналар:
* Ақшыл қалың қатпар – асқазанның секреторлық қызметінің бұзылуының белгісі.
* Тілдің қараюы – антибиотиктерді шектен тыс қабылдау немесе дәрумендердің едәуір жетіспеушілігі кезінде байқалады.
* Тілдің сарғыштануы – бауыр мен өт қабының аурулары кезінде немесе темекі шегу, кофе ішу нәтижесінде болуы мүмкін.
* Қоңыр тіл – ішек қызметінің бұзылуынан болатын өзгерістер, дәрілерге аллергияның нәтижесінде де болуы мүмкін.
* Тегіс жылтыр тіл - бауыр қызметінің көрінісі. Тілдің құрғақтығы ұзақ уақыт бойы сақталса, ол қант диабетінің әсері болуы мүмкін.
* Жарық тіл – асқазан, ішек жолдарының бұзылыстарынан пайда болады.
* Таңертеңгілік ұйқыдан тұрғанда тілде тіс іздерінің болуы шаршаудың және жүйке күйзелістерінің белгісі.
* Ақ немесе сарғыш-қоңыр қалың қабықтың болуы – иммунитеттің әлсіреуі немесе асқазан-ішек жолдары ауруларының көрінісі болуы мүмкін.
* Қалың қатпармен қоса, ауыз қуысында ойық жаралар болып, тәбет тің нашарлауы байқалса, ішектің қабынуы немесе ойық жара бар болуы мүмкін. Бұл белгілер түндегі және ашыққан кездегі және тамақтанудан 2-3 сағаттан кейін пайда болатын ауру сезімімен бірге болса, дерттің шынымен-ақ болуының мүмкіндігі 100 пайызға дейін жетеді дейді дәрігер мамандар.
zharar.com
04 маусым 2019 ж. 1 497 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№60 (9427)

11 тамыз 2026 ж.

№59 (9426).

08 тамыз 2026 ж.

№58 (9425)

04 тамыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31