Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » ХАЛЫҚТЫҚ ШТАБ МҮШЕЛЕРІ БӘЙТЕРЕК АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

ХАЛЫҚТЫҚ ШТАБ МҮШЕЛЕРІ БӘЙТЕРЕК АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

АЭС салуды қолдау жөніндегі Республикалық халықтық штаб мүшесі Мархабат Жайымбетов, аудандық халықтық штаб мүшелері Болат Сыздық, Жібек Баймұратова, Мұрат Тұрабаевтар Бәйтерек ауылының тұрғындарымен кездесті.


Кездесуде атом электр станциясының құрылысы және оның ел экономикасы мен экологиясына тигізетін ықпалы туралы қатысушылармен пікір алмасты.
Жиында Атом электр станциясының құрылысы Қазақстанның энергетикалық балансындағы көмір энергиясының үлесін азайтады. Бұл қазіргі уақытта әлемдегі ең жоғары энергия көзі болып табылады. Осылайша, атом электр станциясының құрылысы 2060 жылға қарай көміртегі бейтараптығына қол жеткізудің қабылданған Стратегиясын жүзеге асырудың негізгі қадамы екені айтылды.
Атом электр станциясында өндірілетін электр энергиясының құны басқа энергия көздерімен салыстырғанда жоғары болмайды, өйткені ондағы отынның бағасы тұрақты және энергия сыйымдылығы жоғары, сондай-ақ станцияның қызмет ету мерзімі 60 жылды құрайды, оны 80 жылға дейін ұзарту мүмкіндігі бар. Тариф вендорлармен келіссөздер жүргізіп, жобаны жүзеге асыру шарттарын талқылағаннан кейін және жобалық құжаттаманы әзірлеуден соң анықталады. Бұл талқылаулар мен құжаттаманы дайындау жобаның барлық экономикалық және техникалық аспектілерін ескере отырып, әділ және бәсекеге қабілетті бағаны белгілеуге көмектеседі. - деп атап өтті Халықтық штаб мүшесі Мархабат Жайымбетов.
Пікір алмасу барысында қатысушылар көкейлерінде жүрген ұсыныс-пікірлерін айтып, қолдайтындарын жеткізді.
26 қыркүйек 2024 ж. 152 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

№91 (9255)

16 қараша 2024 ж.

№90 (9254)

12 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930