Аудандық мәдениет үйінде АЭС құрылысы бойынша кездесу өтті

Халықтық штаб мүшесі Б.Сүлейменовтың айтуынша, АЭС салу Қазақстанның энергетикалық қауіпсіздігін нығайтып, экономиканы әртараптандыруға септігін тигізеді.
Кездесу барысында АЭС жобасының аймақтық инфрақұрылымды дамытуға қосатын үлесін де талқылады. Жобаны іске асыру кезінде жолдар, мектептер, ауруханалар сияқты әлеуметтік нысандардың салынуы жоспарлануда, бұл жергілікті халықтың өмір сүру сапасын арттыруға ықпал ететіндігін штаб мүшесі, модератор К. Есенбаевтың тарапынан айтылды.