Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Облысқа жолдама жеңіп алды

Облысқа жолдама жеңіп алды

Қыркүйек айының 20 жұлдызында №252 мектеп-гимназиясында Қызылорда облысының қоғамдық даму басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ-нің және Қызылорда облыстық білім басқармасымен бірлесіп ұйымдастыруымен Мектептіп медиацияны дамыту мақсатында оқушылар арасында ғылыми жобаның аудандық іріктеу кезеңі өтті.
Байқаудың жалпы мақсаты – облыс көлемінде медиация институтын насихаттау, соттан тыс татуласу шараларының оңтайлы тұстарын халыққа жеткізу. Сондай-ақ, елдегі қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайту болып табылады. Аталған байқауға жоба қорғауға өтінім берген №47 мектеп-лицейі, №50 , №142, №149 және №244 орта мектебінің оқушылары мен жетекшілері қатысты. Байқауға Қызылорда облыстық «Қоғамдық келісім» КММ-нің Шиелі ауданы бойынша этносаралық сарапшысы Біржан Өтебай, Шиелі ауданы бойынша білім бөлімінің әдістемелік кабинетінің әдіскері Салтанат Тілеубергенқызы және Шиелі ауданы бойынша білім бөлімінің әдістемелік кабинет әдіскері Аида Ташкенбаева әділ-қазылық жасады.
Қатысушы оқушылар байқау барысында өздерінің дайындап келген мектептеріндегі медиация-бітімгершілік бағытындағы ғылыми жобаларын (слайд қолдана отырып) жоғары деңгейде таныстырды.
Байқау нәтижесінде үздік жоба қорғағаны үшін I орынды №149 Ә. Монтаев атындағы орта мектептің 11 сынып оқушысы Еңлік Қаржаубай жеңіп алды, жетекшісі Жумабекова Данагуль. Жүлделі II орынды №47 М.В. Ломоносов атындағы мектеп-лицейінің 10 сынып оқушылары Болатова Гүлназым мен Ербай Айгерімге бұйырды, жетекшісі Шағдарова Айнұр. Ал үшінші орынды №142 Б. Қашқынбаев атындағы орта мектебінің 11 сынып оқушысы Дильназ Нұрмағанбет III орынды иеленді, жетекшісі Назира Ахметова. Сонымен қатар, №244 Ы.Жақаев атындағы орта мектебінің 9 сынып оқушысы Жұпарбай Абдрахман мен №50 Абай атындағы орта мектебінің 9 сынып оқушысы Жания Әкімтай Шиелі ауданы бойынша білім бөлімінің Алғыс хатымен марапатталады. Өткізілген кезеңнің ережесіне сәйкес I орын иеленген Еңлік Қаржаубай облыстық байқауға жолдама алды. Жоба жеңімпаздарына арнайы алғыс хаттар мен бағалы сыйлықтар табыс етілді.

«Өскен өңір» ақпарат
24 қыркүйек 2024 ж. 300 0

Қоғам

АЛТЫН ДӘН ДАЛАСЫ

16 қыркүйек 2025 ж.

PDF нұсқалар мұрағаты

№70 (9337)

16 қыркүйек 2025 ж.

№69 (9336)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (9335)

09 қыркүйек 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930