МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ АРАСЫНДА ПІКІРСАЙЫС ТУРНИРІ ӨТТІ

Байрақты бәсекеге аудан бойынша 10 фракция қатысып, № 149 Ә.Монтаев атындағы орта мектебінің “Love is” фракциясы бас жүлдені иеленіп, облысқа жолдама алды. Сонымен қатар, I дәрежелі дипломмен № 45 мектеп-гимназиясы және № 244 орта мектебінің “Жалынды жастар” фракциясы, II дәрежелі дипломмен № 46 мектеп-лицейі және № 48 мектеп-лицейінің “Твикс-микс” фракциясы, II дәрежелі дипломмен № 50 орта мектебінің “Самғау” фракциясы, III дәрежелі дипломмен № 251 орта мектебінің “Ұшқын” фракциясы мен № 244 орта мектебінің “Шам мен шырақ” фракциясы марапатталды. Жеңімпаз фракцияға облыстық кезеңде сәттілік тілейміз!
Дереккөз: Шиелі аудандық білім бөлімі