Жүзден жүйрік Рабибі
Өзінің ерекше қабілетімен көптің көңілінен шығып, білімімен де өнерімен де байрақты бәйгелерде жүзден жүйрік болып, жүлделі орындардан көрініп жүрген оқушылардың бірі – Рабибі Орманбек.
Ол дала академигі атанған Ы.Жақаев ауылындағы №149 Ә.Монтаев атындағы орта мектептің 9 сынып оқушысы. Ұстазының мақтанышы, мектебінің абыройы. Олай дейтініміз Рабибі қандай да бір жарыстан құр алақан қайтқан емес. Үнемі ата-анасының аманатын ақтап, ұстазының сенімінен шығып, мектебі мен ауылының абыройын асқақтатып келеді. Өткен жылы облыстық «Весенняя капель» пионистер фестиваль-конкурсында аудандық өнер мектебінің шәкірті ретінде «соло» номинациясы бойынша І орын алса, биыл «Дарын» облыстық қосымша білім беру базасында «Қазақстан балалары шексіз әлемде» балалар киносы республикалық фестивалінде үздіктердің қатарынан көрініп, ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды. Сондай-ақ осы айдың орта тұсында Қызылорда облысының білім басқармасы қосымша білім беру ұйымдары музыка және өнер мектептері арасындағы «Юные дарования» атты облыстық байқауда фортепиано аспабының құлағында ойнайтын Рабибі бас жүлдені қанжығасына байлаған болатын.

Ал Мамыр айының 18-20 күндері Алматы қаласында «Дарын» РҒПО мен Абай атындағы РММИ-ның бірлесе ұйымдастыруымен қазақ тілі мен әдебиетін тереңдетіп оқытатын Абай атындағы мектеп-интернатында ІV Республикалық «Абайтану» олимпиадасы өтті. Олимпиада екі айналымда өрбіді. Бірінші, қатысушы Абайдың қара сөздері мен поэзиясы негізінде эссе жазса, екінші айналымда Абай шығармашылығына әдеби-тілдік талдау жасап, Мұхтар Әуезовтің «Абай жолы» романынан берілген үзіндіні қай тарау, қай бөлімнен алынғанын анықтап, жалғастыра мазмұндау тапсырмаларын орындады. Аталған бәйгеде Ләззат Түменбаева жетекшілік ететін №149 Ә.Монтаев атындағы мектебінің оқушысы Рабибі Орманбек І дәрежелі «Дипломмен» марапатталып, сыйлыққа airpods иеленді.
Өткен сенбі күні №149 Ә.Монтаев атындағы орта мектептің директоры Жеңіскүл Рыспенбетова мен жеңімпаз қыздың ұстаздары теміржол вокзалында Алматы қаласынан жеңіспен келген Рабибіні құрметпен қарсы алды. Үмітті ақтап, жүзден жүйрік болған жеңімпазға ақ тілектерін жаудырып, биіктен көріне бер деген тілектерін айтты.
Ерұлан ДАТКЕНОВ