Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Білім байқаумен шыңдалады

Білім байқаумен шыңдалады

Өркениеттің шынайы белгісі – мемлекеттің байлығы мен білімінің деңгейі де, қалалардың үлкендігі мен өнімінің молдығы да емес, ол – мемлекеттің тәрбиелеп шығарған азаматы. Заман талап етіп отырған, өмір сүру ортасына икемді де белсенді тұлғаны тәрбиелеу тек өз ісін шын сүйетін ұстаздың қолында. Сондықтан әрбір отбасында өсіп келе жатқан өрімдей ұл-қыздардың дені сау, рухани бай, еңбекке, білімге құштар болып өсуі ең жоғарғы тілек, ең биік мақсат.
Бала бойындағы жақсы қасиеттер мен мүмкіндіктерді ашып, олардың өнегелі, тәрбиелі болып өсуіне ықпалын тигізіп, бағыт-бағдар беріп отырған ұстаздар жетерлік. Соның бірі №207 Жаңатұрмыс орта мектебінің мұғалімі Майгүл Достиярова жастарды қоғамдық жұмыстарға да баулиды. Осы жұмыстың нәтижесі ретінде шәкірті Нұрдана Әлиева байқаулардан жоғары жетістігімен көрініп жүр. Ол мектеп оқушылары мен жасөспірімдер арасында ұйымдастырылған II республикалық «Ұлы дала ұрпақтары» атты өнер мен білім байқауында «Ғылыми жоба» жанры бойынша I орынды жеңіп алып, дип­ломмен марапатталды. Ал жетекшісі М.Достиярова осы байқауда алғыс хатпен марапатталып, шәкіртін ерекше өнерімен даралағаны үшін көпшіліктің ықыласына бөленіп, қошеметке ие болды.

Ж.Нұрғалиева.
01 маусым 2019 ж. 998 0