Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Ел үмітін ақтаған – Бекзатхан

Ел үмітін ақтаған – Бекзатхан

Бүгінгі таңда әрбір жеке тұлға бәсекеге қабілетті болып, біліммен қарулануы маңызды. Бұл – заман талабы. «Білімді мыңды жеңу» үшін ой-өрісі озық, жан-жақты сауатты, өнерлі болу қажет. Мақсаты айқын, қадамы нық болуы керек.
Осындай мақсатта жуырда дәстүрлі Қадыр Мырза Әли оқулары өтті. Сыныптасым Бекзатхан бағын сынап, бәйгеге қатысқан болатын. Осы сында ол нәтижеге қол жеткізіп, шыңға шықты. Бала бойындағы жақсы қасиеттер мен мүмкіндіктерді ашып, олардың өнегелі, тәрбиелі болып өсуіне №41 М.Шоқай мектебінің ұстаздарының еңбегі орасан зор. Әсіресе, мектеп директоры Айгүл Болатбекова мен ата-анасы, құрбы-құрдастары үлкен сенім білдірді.
Осы сенімнің арқасында Бекзатхан аудандық, облыстық сайыста жеңімпаз атанып, республикадан III орынды қанжығасына байлады.
Досым келешекте талай асуларды бағындырып, шыңға шығатынына сенімдімін. Бекзатхан алдағы уақытта үлкен белестерден көріне бермек.

Бақытжан Өтегенов.
28 мамыр 2019 ж. 1 999 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№82 (9349)

29 қазан 2025 ж.

№81 (9348)

25 қазан 2025 ж.

№80 (9347)

21 қазан 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930