Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Біздің бала бірінші

Біздің бала бірінші

Ж
асөспірімдер және жастар арасындағы облыстық, аудандық ашық біріншілікте өңір өрендері жүлделі орындарды иеленіп келеді. Әсіресе, №10 Шиелі балалар жасөспірімдер спорт мектебінің облыс көлемінде өзінің алатын орны ерекше. Осы мектептің жас спортшылары облыстық, республикалық жарыстарда жоғары нәтижеге қол жеткізіп, топ жарып жүр.
Мәселен Талдықорған қаласында жуырда жастар арасында таеквондодан өткен жарыста Иманбек Ақан ҚР чемпионатында бірінші орынды иеленді. Осы жарыста Иманбек Ақан таяуда Иорданияда өтетін әлем чемпионатына жолдама алып, таеквондодан ҚР спорт шебері атағын қорғады. Қазіргі уақытта әлем чемпионаты алдында Германия­­­да өтетін «Германия-ОРЕN» халықаралық турниріне дайындалуда. Бұған дейін спортшы «ІІ ҚР ауыл жасөспірімдер жазғы ойындарында» таеквондодан бірінші орынды иемденген болатын. Сонымен қатар, ІХ-шы колледж және мектеп оқушылары арасында өткен спартакиада да ІІІ орынға қол жеткізіп, өне бойы озық шығып жүр.
Тотами үстіндегі тартыста ең мықтыларды жығып, жеңіске жетуі, оны баптаған бапкердің байыптылығына байланысты. Жаттықтырушысы Сланбек Мұсатаевтың үмітін арқалап, додаларда жеңіске жетуде. Олай болса, шеберлігі мен ұтқырлығы бәсекеде сыналатын уақытта жерлесімізге сәттілік тілейміз.

Ж.Қауғанбаева.
09 ақпан 2019 ж. 1 236 0